Бақыткелді Мұқаш - Жоғалып жазғы шақтарда

Описание к видео Бақыткелді Мұқаш - Жоғалып жазғы шақтарда

Бақыткелді Мұқаш - Жоғалып жазғы шақтарда
Жоғалып жазғы шақтар да,
Күз келер,
Арты қыс болар.
Қаңырап тұрған бақтарға
Қайырылып қайта құс қонар.

Бұтаққа қонып жалаңаш,
Сайрамас сайран серілер.
Əр ағаш бір -бір дар ағаш,
Құбыжық болып көрінер.

Басына орнап бар түнек,
Тұнжырап қалар қара бақ.
Қар тілеп əлде қан тілеп,
Қарғалар жүрер аралап.

Жапырақ түсіп, сəн кетіп,
Сып-сидам селеу бақ қалар.
Қоштасып құстар əндетіп,
Алыс бір жаққа аттанар.

Теректер, талдар, қайыңдар
Тербелмей ұзақ уайымдар.
...Жұбатпай-ақ қойыңдар,
Менің де сондай жайым бар...

★ Музыкалық телеарна 100% қазақ тілінде.

★ Zhuldyz TV - ән мен әнші, бейнебаяндар мен
музыкалық жобалар, тұсаукесерлер!

★ http://zhuldyz.tv/

☎ 87077077071

[email protected] || [email protected]

★ Жұлдызың жаныңда болсын ағайын!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке