ТӨЛЕ БИ, ҚАЗЫБЕК БИ, ӘЙТЕКЕ БИ | БАБАЛАР ІЗІМЕН | BILIM QAZYNA

Описание к видео ТӨЛЕ БИ, ҚАЗЫБЕК БИ, ӘЙТЕКЕ БИ | БАБАЛАР ІЗІМЕН | BILIM QAZYNA

ҮШ БИДІҢ ЖАТҚАН ЖЕРІ | ТАШКЕНТ | ТҮРКІСТАН | НҰРАТА | БАБАЛАР ІЗІМЕН | BILIM QAZYNA

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) — қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Әйтеке Байбекұлы (1644 - 1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім мен Жәңгір хандардың тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.


#ислам #иман #білімқазына #нұрмүбаракуниверситеті #садақажария #жақсылықжасапжарысайық #қазынаприложениесі #qazynaap #ramadan #ramadankareem #рамазан #рамазанайы #рамазан2023 #ramadan2023 #Төлеби #Қазыбекби #Әйтекеби

Комментарии

Информация по комментариям в разработке