Ресейден көшпейміз, Қарасарттан соғысқа аттанған қазақтар бар - Новосибирсктегі қазақ ауылы

Описание к видео Ресейден көшпейміз, Қарасарттан соғысқа аттанған қазақтар бар - Новосибирсктегі қазақ ауылы

Ресейден көшпейміз, Қарасарттан соғысқа аттанған қазақтар бар - Новосибирсктегі қазақ ауылы

Қарасарт – бұл құрылғанына 250 жыл болған Ресейдің Новосибирск облысындағы тек қазақтар ғана тұратын шағын ауыл. 60 үйдің түтіні түтеп тұр. Негізгі рулары Мадияр. Қазақ тілінде ғана сөйлеп қоймай сал-дәстүрді де барынша сақтаған. Ауылда жұмыс жоқ. Жастар кетіп, қарттар ғана қалған. Қарасарттағы жалғыз мектеп те орысша, қазір онда 19 бала оқиды. Үлкендер қазақша сөйлегенімен, балалар ана тілін бүгінде ұмытқан.

«Не болды?» редакциясы Наурыз мейрамы қарсаңында Ресейдің Новосибирск пен Алтай аймағындағы тек қазақтар тұратын бірнеше ауылдың тыныс-тіршілігін көріп қайтты. Бірінші бөлімді бірге көруге шақырамыз.


#Ресейдегіқазақтар #Қарасарт #Новосибирск

#Ресейдегіқазақтар #Қарасарт #Новосибирск

Көруге ыңғайлы болуы үшін:
00:01 Анонс
01:09 Қарасарт ауылына келдік
02:09 Ауылда қазақша кім біледі?
05:43 Қарасарт ауылына экскурсия
08:39 Неге Ресейдегі қазақ ауылы Қарасарт деп аталады?
11:02 Ресейдегі қазақ ауылы қазақ тілін қалай сақтап жүр?
13:26 Қарасартта ораза ұстап, намаз оқитындар бар ма?
14:40 Кезінде Новосибирскде көп қазақ ауылдары болды
15:10 Ауылға мешіт салу көтерілді, бірақ оған баратын адам жоқ
17:07 Әр үйде 2 көліктен, қазақтардың бәрі “крутой”
18:00 1978 жылға дейін қазақ мектебі болды
23:38 Жарапазан айту

Комментарии

Информация по комментариям в разработке