Қытай Ресейдің күніне жарап тұр / Анығын айтсақ

Описание к видео Қытай Ресейдің күніне жарап тұр / Анығын айтсақ

Қытай Ресейге көмек көрсетуді жалғастырып келеді. Жақында ғана АҚШ Қытайдың бетіне айтып, көмекті тоқтату туралы ескерту жасаған еді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен қаржы министрі Джанет Йеллен сәуірде Пекинге барған. Олар қытайлық компаниялар мен қаржы ұйымдарына Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіне көмектескені үшін қосалқы санкция салынуы мүмкін екенін айтқан. Көмекті тоқтатпасаңдар Батыс пен Америкадағы қаржыларыңа шектеу қоямыз деген. Қытай бұған алаңдаған. Ол жақтағы банктерде триллиондаған доллар қаржысы айналымда жүр. Ал дегенмен жеме-жемге келгенде көмегін тоқтатқан жоқ. Керісінше, Ресейдің соғыс өнеркәсібіне қажетті бөлшектер көбеймесе, азаймай жатыр. Енді міне, Ресей президенті қайта сайланып, күшіне мінген соң Қытайға екі күндік сапармен барды. Бүгін соның екінші күні жалғасты. Сарапшылар бұл сапардың мақсаты – Қытайдың көмегін ұлғайту екенін айтуда.
«Анығын айтсақ», авторы Нағашыбек Алдан

Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz
Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness
Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport
Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto
Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway
Instagram -   / atameken.business  
Instagram -   / inbusinesskz  
Facebook -   / atamekentv.kz  
Facebook -   / inbusiness.kz  
Tik-Tok -   / atamekenbusiness  


«Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz

Atameken Business Programs -    / @atamekenbusinessprograms1041  

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана

Комментарии

Информация по комментариям в разработке