Балқаштағы су асты аңшылығы

Описание к видео Балқаштағы су асты аңшылығы

Балық аулауға құмар жандарды Балқаш көлінде балық ауладым, керемет болды деп, қызықты әңгімеңмен таңқалдыра алмайсың. Өйткені, кез-келген өзін балықшымын деп санайтын адамдар, бұл көлде кемінде бір рет балық аулаған. Жылы маусымның 150 күні дәл осы маңда, балық аулап, су астында аңшылық жасауға мүмкіндік көп. Тек, сіз барған күні жаңбыр жауып, ауа-райы бұзылып кетпесе. Балықтар су астында қорек іздеп, әр тарапқа жүзе береді, ал балықшылар, керісінше, балық іздеп, еліміздің әр өзен-көліне саяхат жасайды.
Балқаш көліне барғымыз келіп, алдымен жолға дайындалып, керек жарақтарымызды жиыстырдық. Бастысы, ауыз су мен жанармай қорының жеткілікті болғандығы. Іле өзеніне жол ұзақ. Оның үстіне жазық дала, құм. Жол бойында жел лебімен шайқалып тұрған жыңғыл. Кішігірім жоталар да бізді шығарып салды. Күннің ыстығынан тас жол күйіп тұр. Әрине, әрбір шақырымды артта қалдырған сайын, діттеген межеге жақындай бердік.
Біздер Балқаш көлі маңына бара жатырмыз. Бұл, Қазақстанның көз тоймас көлдерінің бірі. Еліміздегі үлкендігі жағынан Каспий теңізінен кейін, екінші тұрған тұзды көл. Ал, әлем бойынша 13-ші орында тұр. Теңіз екі бөлікке бөлінген. Табиғи сулулығы болар, көлдің бір бөлігі ащы да, екінші бөлігі тұщы су. Теңізге Іле өзені құяды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке