Ата-әже (мерей тойға арналған ән)

Описание к видео Ата-әже (мерей тойға арналған ән)

ЕСКЕРТУ!!! Әндегі шум дыбыстар әдейі қосылған!Балаларға арналған әндер! Әннің түп нұсқа минусын сатып алу үшін, ватсап нөміріне жазыңыз! +7 701 606 50 03


Ата - Әже
Атам менің көркем етіп
Күнге теңеп қойған айын
Бізді көрсе еркелетіп
Айтар сөзі айналайын

Әжем менің мейірімді
Әр қашанда күлімдеген
Құдай берсін пейіліңді
Балапаным күнім деген

Қайырмасы:
Құтты болсын мерей тойыңыз
Жақсылықта болсын ойымыз
Атамыз бен әжеміз
Анамыз бен әкеміз
Біз сіздерден үлгі алып өсеміз

Атамыз бен әжеміз
Анамыз бен әкеміз
Біз сіздерді қатты жақсы көреміз

Ата-әже мен сіздерді
Жақсы көрем жаныммен
Сіздер үшін ән саламыз
Қымбатсыздар бәрінен

Шүкір етіп күнімізге
Сіздердей жан жоқ бірақ
Ата-әже мен сіздерге
Еркелегім кеп тұрады

Қайырмасы:

Комментарии

Информация по комментариям в разработке