Қарақат Әбілдина | Тойға шашу

Описание к видео Қарақат Әбілдина | Тойға шашу

Тойға шақыру
Дегенде той той базар, тойлай келдік ай,
Қолға алып алтын сақа, шіркін-ай ойнай келдік ай.
Бір той бар осы ауылда дегеннен соң ай,
Өлеңді бір екі ауыз, туыстар арнай келдім ай.

Қ-сы:
Ауылым ауылыңмен жалғасып тұр,
Болғаны осы тойдың, туыстар жарасып тұр ай.
Ауылым ауылыңмен жалғасып тұр,
Болғаны осы тойдың, ағайын жарасып тұр ай.

Бастайын баста десең тойдың басын ай,
Көңілім қобалжыған шіркін-ай басылғасын ай.
Әр өлең той тәңірдің қазынасы ай,
Шашу боп бата тілек шіркін-ай шашылғасын ай

Қ-сы:
Айтайын тойыңызға ән мен тілек,
Халқыма тойға келген шіркін-ай бақыт тілеп ай.
Айтайын тойыңызға ән мен тілек,
Халқыма тойға келген шіркін-ай бақыт тілеп ай.

Өлеңді мен айтайын тыңдасаңыз ай,
Тыңдаған құлақ салып, шіркін ай мың жасаңыз ай.
Тілегі көпшіліктің қабыл болып ай,
Келер жыл той иесі тағы да той жасаңыз ай.
Қ-сы:
Ауылым ауылыңмен жалғасып тұр,
Болғаны осы тойдың ағайын, жарасып тұр ай.
Ауылым ауылыңмен жалғасып тұр,
Болғаны осы тойдың ағайын, жарасып тұр ай.

#казакшаандер #казакшамузыка #казакша #казакшаканал #тойәндері #казахскиепесни #казахскаямузыка #kazakshaander #казакшажанаандер #жанаказакшаандер #хитәндер #жаңаән #ескіән #ескіжаңаәндер

Комментарии

Информация по комментариям в разработке