#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

Описание к видео #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ
#ВАЖНОЗНАТЬ
🚓🔗Сыр өңірінде полицейлер «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді
Тәртіп пен тәрбиенің ұштасуы қауіпсіз қоғамды қалыптастырады. Осы орайда, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, оларға қарсы қылмыстың жасалуына жол бермеу, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қыркүйек айының 10-12 күндері аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
📌Іс-шараның негізгі мақсаты – оқу орнындағы тәртіпті нығайтып, кәмелетке толмағандар, оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, топтық төбелес, буллинг, қорқытып алушылық, қоғамға қарсы іс-әрекетке тарту қылмыстарының жолын кесу, қоғамдық орындарда, жолдарда және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары бойынша білім беру ұйымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
📎«Қауіпсіз мектеп» бойынша оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып алдын - алу шараларының жұмыстары әрі қарай жандандырылып, жұмыс жасалады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке