АЮ ЖАРҒАН ҚАСҚЫР | АҢШЫ ӘҢГІМЕСІНЕН

Описание к видео АЮ ЖАРҒАН ҚАСҚЫР | АҢШЫ ӘҢГІМЕСІНЕН

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ - Аю жарған қасқыр

Бұл оқиға да тым ертеректе, шамамен Шыңжан-Алтай бетіне қо­ныс тепкен қазақтар өрісін кеңейтіп, Қобда бетіне қоныстана бастаған тұс дейді үлкендер. Білтелі мылтығын асынған аңшы қазақ Өрмегейті асуы­ның екі бетін кезек-кезек шолып аң аулайды екен. Бірде биік жартастың көлеңкесінде жусап жатқан бір топ тауешкіні көреді. Бұлардың біреуін атып алмаққа ық жағына шы­ғып, аяқты мылтығын құрып қойып, жа­нуарлардың өруін күтіп жатады. Сол екі ортада үлкен қоңыр аю жардың үстіне баспалап шығып, күректей тас­ты жусап жатқан тауешкілерге атады. Ешкілердің біріне тас дәл тиіп сеспей қатқан екен. Қалғаны дүр етіп үркіп жоқ болады. Аңшы Құдай берді деп аюды атуға ыңғайланады. Аю қобаңдап келіп, олжасын жәукемдей бастайды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке