ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ТОКСИКОЗ

Описание к видео ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ТОКСИКОЗ

Жүктілік кезінде жүрек айну немесе құсу міндетті түрде болуы керек пе❓ Токсикоздың болмауы қалыпты жағдай ма❓
Дені сау жүкті әйелдің токсикозы болмайды немесе ол таңертең аздап жүрек айнуы ретінде білінуі мүмкін!
Сондықтан, сіз токсикоздың не екенін білмейтін бақытты әйелдерге жатсаңыз, бұл өте жақсы және оған тек қуану керек! Демек, ағзаңызда бәрі жақсы деген сөз.
Токсикозбен қалай күреседі?
Жеңіл және орташа дәрежедегі токсикозды, жүрек айну немесе күніне 1–5 рет құсу байқалған кезде үйде емдеуге тырысу қажет.
Газдалмаған минералды суды аздаған порциямен (ұрттап) ішіп және аздаған порциямен жиі тамақ жеу керек.
Тамақ жемей немесе түк ішпей жүрсеңіз, жағдай күрт нашарлай бастайды да, көп жағдайда гинекология бөліміне ауруханаға жатқызумен аяқталады.
Құсу жиілеп кетсе немесе тамақ не су ішкен сайын пайда болса, халық емі және бөліп тамақтану көмектеспесе, онда ауруханаға жату қажет.
Өйткені, ауыр дәрежедегі токсикоз әйел мен ұрықтың денсаулығы үшін өте қауіпті.
Өзіңіздің қолыңыздан келмейтінін сезетін болсаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз! ☝🏻
Сізде токсикоз қанша уақыт болды? Және қалай күрестіңіз?

🎥видеода акушер - гинеколог дәрігер Джусангалиева Айжан Шайхиевна 👩🏻‍⚕️

Комментарии

Информация по комментариям в разработке