ҰБТ-2018: 139 балл жинаған түркістандық оқушы тестілеуге 9-сыныптан дайындалған

Описание к видео ҰБТ-2018: 139 балл жинаған түркістандық оқушы тестілеуге 9-сыныптан дайындалған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны Ақерке Тастан Ұлттық бірыңғай тестілеуден 139 балл жинады.

Ол – Панфилов атындағы №16 жалпы орта мектептің түлегі. Ақеркенің бұл жетістігін облыс бойынша тестілеуге қатысқан ешбір оқушы қайталай алған жоқ. Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Әбдуалиев Ақеркені ата-анасымен жеке қабылдап, ноутбук сыйлады.

Ақерке Тастан Ұлттық бірыңғай тестілеуге 9 сыныптан бастап дайындалған екен. «Жазғы 3 айлық демалыста қажетті оқулықтарды сатып алып, кітаптан бас алмадым», – дейді талапты қыз. Сол тынымсыз еңбегінің арқасында білім бәйгесінде топ жарды. Мектеп бітірушілердің 11 жылдық білімі мен білігі сыналатын сында суырылып алға шықты. Өзіне өте сенімді бойжеткен бұл жетістігін місе тұтып отырған жоқ. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
   / tv24kz  
Наш сайт - https://24.kz
Facebook -   / tvkhabar24  
Instagram -   / tvkhabar24  
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter -   / tvkhabar24  
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Комментарии

Информация по комментариям в разработке