Ауылым-алтын бесігім! Нұркен Әбдіров (Жарлы) атындағы ауыл.

Описание к видео Ауылым-алтын бесігім! Нұркен Әбдіров (Жарлы) атындағы ауыл.

Мұқағали жырлағандай:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем...
Туған жер-адам баласының кіндік қаны тамған, жанына, журегіне жақын, қимас сезімге бөлейтін алтын ұясы. Оның топырағы да, тауы мен тасы да ыстық болады. Әркімге өз ауылы, туған жері мақтан. Сүттей ұйып отырған, береке-бірлігі мықты осы бір ауыл –менің туған ауылым. Адамдары да бір-біріне ағайын-туыс, құда-жекжат, қойы-қоралас, қазаны аралас болып кеткен. Адамдары да ақкөңіл, үнемі тыным таппайтын еңбекқор, қонақжай , бір үйдің адамдары сияқты ынтымақшыл.
Ауыл - қазақтың күретамыры. Ұлттымыздың салт-дәстүрінің, үлгі-өнегесінің, әдеп-гұрпының, мәдениеттің сарқылмас мол қоры осы ауылдарымызда сақталып келеді.
Көпті көрген қарттарымыз ауылда жатып-ақ, ұлт болашағы үшін ұрпақ тәрбиесіне үлес қосуда. Атасы мен әжесінің тәрбиесін көрген бүлдіршіндер ұлт мәдениетінің мөлдір суымен сусындайды. Осындай үлгілі де, қадірлі мекенге өзімнің аулымды еш ойланбастан жатқыза аламын. Мен үшін туған жерімнің әр тасы, бір тамшы суы да қымбат.
Мен де төмендегі шағын бейнебаянды ауылымызға деген сүйіспеншіліктің белгісі ретінде салдым:

Комментарии

Информация по комментариям в разработке