АЖЫРАСУ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ

Описание к видео АЖЫРАСУ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ

#уағыз #уағызқазақша

Жалпы ажырасуға дін тұрғысынан қарасақ, мұсылман құқығы термині бойынша «талақ» деп аталады. Талақ айту – некенің бұзылуы. Әйелінен ажырасу, некелерін бұзу деген сөз.

Талақ – Жаратқан Жаппар Иенің адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы. Сол себепті Құранда Алла тағала мейлінше әйеліңмен тату болуға шақырып: «(Уа, иман келтіргендер!) Жарларыңмен жақсықарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды ұнатпай қалсаңдар (сабырлылық танытыңдар), Алла сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін», – дейді («Ниса» сүресі, 19-аят). Сонымен қатар: «Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Алла Жоғары мәртебелі әрі Ұлы», – деп («Ниса» сүресі, 34-аят) адамдарға асығыс шешім қабылдамай, ажырасудың алдын алу керектігін ескерткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аллаһ тағалаға адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы – ажырасу» (Әбу Дәуіт, Талақ, 3) – деп жөн-жосықсыз ажырасудың дұрыс емес екенін айтқан.

Егер, Құран аяттары мен пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері бойынша әрекет етер болсақ, әрбір отбасының іргесі берік болары хақ.

Алайда, статистикалық көрсеткіштер бұл айтылғандарға кереғар. Мысалы ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі төрағасының орынбасары Венера Калимова «2012 жылы 166 474 неке қиылған болса 47 598 рет неке бұзылған. 2013 жылы – 167 411 неке қиылса, 51 510 рет неке бұзылған. 2013 жылы тіркелген неке саны 937-ге артқан. Ал ресми неке бұзу саны бір жылда 3 мыңға жеткен», – дейді.

Бұл көрсеткіштер саны соңғы жылдары діни ағымдардың белең алуымен бірге күніміздегі жастар «шариғат жолымен шаңырақ көтереміз» деп Алланың қош көрмеген «талақ» деген жалғыз сөзді емін еркін қолдануымен артқан. Сондай-ақ, «талақ» сөзін әркімнің өз еркінше түсінуі салдарынан әлеуметтік негізгі мәселеге айналып отыр. Алайда дінімізде талақ етуде сөздің мағынасы аса маңызды рөл атқарады. Қалжыңдап айтылған талақ та ескеріліп, талақ ретінде есептелуі ықтимал екенін жастарымыз ескермеуде. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Үш нәрсенің әзілі де, шыны да шын: үйлену, талақ ету және құлды азат ету» – деген болатын.

Мұсылман құқығы талақ үкімін жанұяны бұзу үшін емес, қайта жанұяның беріктігі үшін қолданады. Яғни, жұбайлардың үйленбестен бұрын жіберген қателігін немесе жанұя болғаннан кейінгі қателікті түзету үшін талақ үкімі жүзеге асырылады. Сонымен бірге, «талақ» үкімі арқылы тараптар кеште болса өздерінің қателіктерін түзетіп, яғни ажырасып, психологиялық немесе материалдық тұрғыда өзіне тең жар табуға мүмкіндік алады. Мұсылман құқығында «талақ» ету құқығы ер адамға берілуінің себебі, ер кісі әйел психологиясынан ерекше салмақтылығы және шешім қабылдауда байсалдылығы негізге алынған. Сондай-ақ, Исламға дейін арабтар әйелдерін қалаған кезде талақ етіп, қалаған уаұытта қайта алатын болған. Отау құруды ойыншыққа айналдырған осы әрекетке Хақ дін тыйым салу мақсатнында үш талақпен шектеген. «Талақ екі рет...»,«егер ер әйелін үшінші мәрте талақ етсе, бұдан кейін оған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды» («Бақара» сүресі, 229-230).

Ер адамның «маған талақ айту құқы берілген» екен деп жөн-жосықсыз талақ айта беруі - қателік, күнә. Осындай қателікке жол бермеу үшін, шариғатта ажырасудың қарастырылған өзіндік жолдары бар.

Талақтың өзіндік рүкіні мен шарттары бар. Талақтың рүкіні әйелін талақ етердегі айтылатын арнайы сөзі мен тәсілі. Шарты – негізгі бөлшектерден тыс бірақ сол негіздердің құралуына арқау болған бөлшектер. Талақтың іске асуы үшін мынадай шарттар қажет. Олар: Талақ ететін ердің ақыл-есі түзу, балиғатқа жеткен болуы. Талақ етілетін әйелдің сол ерге некесі қиылған әйелі немесе «иддат» мерзіміндегі әйелі болуы шарт. Одан қала берді шариғатта талақтың түрлері бар. Олар:

1) Ражиғий талағы. Бұл талақпен идда ішінде қайта табысуға болады.

2) Байн талағы. Бұл талақпен некені қайта қидырмай табысу дұрыс емес.

3) Ғализ талағы. Бұл талақпен қайта табысуға тыйым салынады. Ол әйел басқа күйеуге тиіп, ол күйеуі онымен қосылмай, сол күйеуі өлмей немесе талақ етілгеннен кейін әйел иддасынан шықпай алдыңғы ерімен қайта табысуы мүмкін емес.

Мұсылман құқығында «талақ» етудің ерекше негіздері бар:

1. Құран мен Сүннет тәртібіне қайшы негіздегі талақ ету тыйым салынған.

2. Тәртібі мен іс-әрекетінде кінәрат болмаса да кемшіліксіз әйелді талақ ету мәкрүһ.

3. Ішкілік, құмар сияқты харам істермен шұғылданудан бас тартпаған әйелмен ажырасу сүннет.

4. Отбасылық өмірде харам істерді жасап, дін бойынша парыз болған амалдарды тәрк еткен әйелді талақ ету парыз.

5. Араларында махаббат болмаған жанұялардың ажырасуы тұрғысында әр түрлі көзқарастар бар. Бұл ерлі зайыптылардың өздеріне қалған шешім. («Талақ» сүресі, 6-7).

Айтып кеткеніміздей жастардың қалаған уақытта үйленіп те қалаған уақытта «талақ» деп ажыраса салуы қоғам дерті.

Мақаланың толық нұсқасы: https://www.muftyat.kz/kk/articles/is...

Комментарии

Информация по комментариям в разработке