Әруақ

Описание к видео Әруақ

әруақ жайлы сөз айтсам...

Сайтымыз: https://qutty.kz
TikTok: https://www.tiktok.com/@shuyldaqshady...
Twitter:   / shuyldaq  
Telegram арнасы: https://t.me/qutty_qazaq
"Қазақ тілі" whatsapp тобы: https://chat.whatsapp.com/KWaF3OXEzvs...

Донаттар үшін: 8 705 980 99 44 Айнұр Ж
****************

Әруақ

Ата-ана қосылғаннан бала болар
Баланың қорғаушысы қоса туар,
Құдайдың сыйы болған энергия
Қазақшасын айтқанда - әруақ шығар

***

Әруақ, желеп-жебеп жүреді екен
Қиналғанда жаныңа келеді екен,
Әруақты күшейтетін құрылғы бар
Аты оның, Ғайып Ерен Қырық Шілтен

***

Ата өлсе онан қалған энергия
Ұрпаққа мұра болып беріледі,
Атамның әруағы деген сөзі
Балаға қалдыратын күш мөлшері

***

Атаның жиған-терген даналығы
Балаға 40 жылға азық болды,
Атаның түпсаналық энергоны
Балаға қуат беріп күші толды

***

Энергондар атадан қалады екен
Ұрпақтың күш қуаты толады екен,
Атасының басына барған кезде
Энергоның бір жасап қалады екен...

***

Ел үшін жан берісіп, жан алыссаң
Абылайлап әруағын сен шақырсаң,
Күш қуатың толысып арқаланып
Шығасың көзің от боп бейне қыран

***

Қабанбай тірісінде айтып кетті,
Әруағым қолдайды деп әмбе жұртты
Дініне, қанына да қарамаймын,
Қабанбайлап шақырса ұлы рұқты

***

Әруақ десе құдай қапа боп қалады,
Аузына тозақтағы от салады
Жаратушы қызғаншақ деген сөзді,
Қатынын аңдығандар көп айтады

***

Құдай ұрса оңдырар деген екен
Құдай берсе сұраусыз береді екен...
Қарап тұрып суға дәрет сындырғанды
Әруақ ұрып бір жақты етеді екен

***

Табиғаттың заңына қарсы шықсаң
Бауырдың сыйластығын және бұзсаң...
Өзің тұрмақ ұрпағың зиян тартып
Боласың көгермегір әруақ атқан

***

Білім күшің толысса, әруағың қуат алады
Надандыққа болыссаң, әруақ тастап қашады,
Әруағыңнан айрылсаң, сен де бір ағаш қураған
Әруағыңды бағала, әруақ ұрған оңбаған

Комментарии

Информация по комментариям в разработке