Қазақ тілін қорлаудың Қостанайлық үлгісі

Описание к видео Қазақ тілін қорлаудың Қостанайлық үлгісі

Атаңа заңның аяққа тапталып, қазақ тілінің мазақ болып жүргені бірінші рет емес. Бірақ, мемлекеттік тілді қорлаудың Қостанайлық үлгісі тіпті қоғамдық резонанс туғызып, қалың елдің талқысына салынып жатыр. Көлігімен жол ережесін бұзған Ақтолқын Жәнібекова хаттаманы қазақша толтырамын дегені үшін айыпты болды. "Қазақшаны өз ауылыңда сөйлейсің" деген полиция қызметкері, тіпті орысша хаттама толтырсаң 10 мың теңге, ал егер қазақша толтырсаң 20 мың теңге айыппұл төлейсің деп қысым көрсеткен. Құрметті ішкі істер министрі, "хаттама қазақша толтырылса, екі есе айыппұл төлесін" деген қайдан шыққан жарлық?

Комментарии

Информация по комментариям в разработке