Адай — Ер Қармыс батыр Жыр-Дастаны! Адайдың 100 батыры! (1-Жыр)

Описание к видео Адай — Ер Қармыс батыр Жыр-Дастаны! Адайдың 100 батыры! (1-Жыр)

Жырда елге жау тигенін естіген 10 ай төсек тартып ауырып жатырған 75 жастағы қарт Ер Қармыс батыр ер-тоқымсыз, желең көйлекпен басқыншыларды қуғыншы қол жеткенше кідірту үшін атқа қонады. Батырдың жалғыздығын білген жау оны ортаға алып найза ұшына көтереді. Кеудесіндегі найза ұңғысы енген орнын бармағымен бітеп жаралы болып, жан сақтап жатқан Ер Қармыс «Жауға кегім кетеді деп, Әнеттің ұлы Ер Төлеп, Жауға тиді ентелеп», – дегендей артынан қол бастап жеткен Ер Төлепке жау кеткен бағытты сілтейді. Ер Төлеп жекпе-жекте жау батырын жеңіп, жесір мен малды, Қармыс батырдың кегін қайтарады.
Есен — Тұрұлы Ермембет бидің Хиуа ханымен сөз қағысындағы: «Біз жауға бүгін барып, ертең өлгенді батыр демейтін жұртпыз. Менің өткенімнің батыры елу рет қол бастап қалың жауды қайтарған, жауынан бірде-бір меселі қайтпаған 85 жасына қарағанда Алланың ақ ажалымен оң жақтан ақыретке аттанған Әнетұлы Төлеп» деген сөзі Ер Төлеп туралы айтылған мінездемесі.

Адай/Балықшы — Ер Қармыс Бекболатұлы!
Адай/Мұңал/Бәйімбет — Ер Төлеп Әнетұлы!
Жырдың авторы Адай/Қосай/Мәмбетқұл(Шалбар) — Жорық Жырауы Қалнияз батыр Шопықұлы!

Жырды орындаған: Жыршы Ахмет Баякешов!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке