САДАҚАНЫҢ ПАЙДАСЫ.

Описание к видео САДАҚАНЫҢ ПАЙДАСЫ.

 Ғалымдар садақаны Алланың разылығы үшін берілуі және қайтымын күтпеу керектігі айтылады. Бір адамға жасаған жақсылығымыздан немесе берген садақамыздан алған адамнан еш нәрсе күтпей, тіпті рахметте айтпауы әбден мүмкін, оған ренжімей ниетімізді, беретін садақамызды жалғастыра беру керек.

         Мал-дүниемізден қайырымдылық жасаудың парыз етілгені зекет делінеді.(1) Ал ерікті қайырымдылық жасауды садақа дейміз. Сауабы үзілмей жалғасып тұратын садақаның атауын уақып садақасы делінеді. (2)  Тіпті жақсы сөзіміз бен жасаған жақсылығымызда садақа болып есептелінеді.

         Егер мұқтаж жанға мал-дүниемен беретін қайырымдылығымыз Алла разылығы үшін болса садақа болады. Ал егер мұқтаж жанға мал дүниемен беретін қайырымдылығымыз адам алдында оны ұлықтап және  құрметке жету үшін жасалынса сыйлық болады. Садақа садақа деп аталуының себебі ниетінде.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке