КТК: Қазақстан жаңалықтары 19.06.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 19.06.2024

Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva)

ЕСІ АУЫСҚАН ЕМШІ
Асырап алған алты баласын мысықтың етін жегізіп, әбден қорлаған шымкенттік емші абақтыға жабылмайтын болды. Бірақ, мәжбүрлі түрде емделеді.

ЕСЕК ЭКСПОРТЫ
Елдің есін шығарған есек! Жамбыл облысында тұрғындар екі мың есекті ен далада еркін жайып жүрген ауылдастарына қарсы шықты. Ал кәсіпкер есектің еті мен сүтін эпорттаймын деп алақанын ысқылап отыр.

ЕСЕПСІЗ ШЫҒЫН
Ақша алудан "Астана" мен "Барыс" алда! Мемлекеттен миллиардтап қаржы алатын кәсіпқой спорт клубтарының мәселесін Антикор "майшаммен қарап" жатыр.

ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК
Ел болып жұмылғанның арқасы! Көктемгі тасқын кезде түн ұйықтамай, тізеден су кешіп құтқару шарасына ат салысқандар мен көмек қолын созған "атымтай жомарттар" бүгін Ақордада марапатталды.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке