Миттингтерге шығу, билікке талап қою | Ділмұрат абу Мухаммад

Описание к видео Миттингтерге шығу, билікке талап қою | Ділмұрат абу Мухаммад

📌 Миттингтерге шығу, билікке талап қою, патшаға қарсы шығу Мұсылман осы жағдайда қалай болуы кереу

Лектор: Ұстаз Дильмурат абу Мухаммад (حفظه الله)
https://t.me/usulus_sunnah

📢 Құрметті мұсылман бауырлар! Шындығында, Аллаһ Та'ала бізге берген нығметтерін еске алуға бұйырды. Аса Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді: "Ей, иман келтiргендер! Аллаһтың сендерге берген нығметiн еске алыңдар!" (Әл-ахзаб сүресі 9-аят)

Осы нығметтердiң ең басында тұрған - тыныштық, қауiпсiздiк нығметі. Аллаһ Та'ала осы нығметті көптеген жақсылықтың негiзi қылды әрі олсыз адам жақсылықтарға жете алмайды! Аса Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді:

Аллаһ Та'ала Қурайш қауымына берген нығметін еске алып, былай дейді: "Қурайштың қауіпсіздігі үшін.1 . Олардың қысқы және жазғы сапарларындағы қауіпсіздігі үшін! 2 . Олар осы Үйдің (Қағбаның) Раббысына құлшылық етсін, 3 . Оларды аштықтан кейін тамақтандырған және қорқыныштан аман еткен. 4." (Қурайш сүресі 1-4 аяттары)

Қауіпсіздік Пайғамбарлардың Аллаһтан сұрағандары болған! Аса Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді: "Сонда Иброһим: (Раббым! Бұл қаланы (Меккені) қауіпсіз бейбіт ет әрі оның Аллаһқа және ахырет күніне сенген тұрғындарын жеміс-жидек, көкөністерден ризық бергейсің!» – деп жалбарынды. Сонда Алла: «(Ризықты тек мүміндерге емес бәріне беремін. Алайда) араларынан кімде-кім (берген нығметтерім үшін шүкіршілік етпей) күпірлік қылса, оған (бұл дүниеде) аз ғана уақыт ризық-несібе беріп, өмірдің қызығын көрсетемін де, содан кейін оны тозақ азабына душар етемін. Ол қандай жаман ақырғы тұрақ! Қандай жаман барар жер!» – деп айтты.(Бақара сүресі 126аят)

Ғалымдардың бірі Абдуллаһ аль-Бухари хафизаһуллаһ айтады: "Осы аятта қауіпсіздіктен бастап сұрағанында екі пайда бар: Біріншісі, қауіпсіздіктің жоғары деңгейде болуы ризықтың келуіне себеп болады. Ал, қауіпсіздік болмаса, адамдардың бірін-біріне қол көтерулері жоғары деңгейде болып, ризықтың келмеуіне себеп болады. Екіншісі, қауіпсіздік кетсе адамның ризығы жақсармайды."

Пайғамбарымыз, солляЛлаху алейхи уа саллям, тіпті өзінін жауларына да қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.

Пайғамбарымыз, солляЛлаху алейхи уа саллям, Меккенi көпқұдайшылықтан босатқан кезде, олар Аллаһқа және Пайғамбарымызға, солляЛлаху алейхи уа саллям, бойсунбай ашуландырған болса да: "Кімде-кім абу Суфианның үйінде болса қауіпсіздікте, кімде-кім қаруын тастаса ол қауіпсіздікте." - деген.

Шындығында, қауіпсіздік болмаса, құлшылықты толық суретте жасау мүмкін емес. Мысалы, дiннiң негiзi болған намаз. Аллаһ та'ала Қасиетті Құранда былай дейді:

"Намаздарға әрі ортаңғы намазға мұқият болыңдар және Аллаһқа беріле бойсұнған кейде тұрыңдар. Ал, егер, қауіп қатерден қорықсаңдар, жаяу немесе көлік үстінде оқыңдар. Қашан қауіпсіз болған кезде, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей, Аллаһты еске алыңдар! " (Әл-бақара сүресі 238-239 аяттар)

Пайғамбарымыз, солляЛлаху алейхи уа саллям, айтады: "Кім ұйқысынан тұрған кезде қауiпсiздiкте тұрса, денесi сау тұрса, бір күндік тамағы болса, дүниені иелік еткендей болыпты."

Құрметті мұсылман бауырлар! Толық қауіпсіздік, тыныштық тек екі нәрсемен ғана болады! Ардақты сахабалардың бірі ыирбад ибн Саариядан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз СОЛЛЯЛлаху алейхи уа саллям сахабалар өсиет сұраған кезде былай деді: "Сендерге тақуалықты өсиет етемін және тіпті хабаши (қара нәсілді) құл басшы болса да, басшыларды тыңдап бойсұнуды өсиет етемін!"

Бiрiншiсi, шынайы тақуалық! Аллаһтан коркумен адамның Раббысымен өзінін арасы дұрысталады. Қияметі дұрысталады.

Екiншiсi, басшыларға бойсұнумен, тіпті кара құл болса да бағынумен өмір сүрiп жатырған қоғамы дұрысталады.

Бұзғыншылық, көтеріліс уақыттарында ғалымдар Аллаһтан қорқуға өсиет ететін. Тарихта басшыға қарсы шығу тек қана жамандықпен, қандар төгілумен, балалар жетім қалумен және ең бастысы қауіпсіздік пен Діннің кетуімен келген. Осы Аллаһтың дiнi! Ұлы Раббымыз Қасиетті Құранда былай дейді: "Аллаһ бір ауылды мысалға келтірді. Ол тыныш, жайбарақат жатқан ел еді. Оған ризығы барлық жақтан, молынан келетін. Алайда, олар Аллаһтың игіліктеріне күпірлік етті. Сондықтан Аллаһ оларға жасаған істері үшін аштық пен қорқыныштың дәмін таттырды."
(Ән-нахл сүресі 112-аят)

Осындай қауiпсiз, Аллаһтың дiнi таралып жатырған жерде өмір сүріп жатырғанымыз және көршілес болған мемлекеттерде елдерiн тастап осы нығметті аңсап жүргендері бәрімізге мәлім.

Аллаһтан сұраймын жерiмiзге тыныштық берсiн, халқымызды тура жолға салсын!

Дайындаған: Сәтімжан_абу_Муса

________________________________________________________________________________
#казахстан #митинг #актау #жанаозен #протесты #дилмурат_абу_мухаммад

Комментарии

Информация по комментариям в разработке