Қыз ұзату тойында аналар айтатын тілек

Описание к видео Қыз ұзату тойында аналар айтатын тілек

Ораза кестесі: https://bit.ly/37D0tEX
Ораза туралы видеолар: https://bit.ly/3IaCwBq
Баталар: https://bit.ly/3wdDY3I

______

Құрметті қонақтар, қадірлі ағайын-туыстар!
Бүгін біз үшін көңіл аса алабұртқан күн. Көңіл – қызымыз теңін тапты, отауын тігіп жатыр деп, қуаныштан шалқиды, көңіл – әлпештеп өсірген қызымызды қимастықтан толқиды. Бұл – қыз ұзатқан әрбір ата-анаға тән, осында отырған талайыңыз бастан кешкен сезім. Осындай сәтте балаңның дүниеге келген кезінен бастап өмірде өткеннің бәрі кино сияқты көз алдыңа келеді екен. Дүниеге ұрпақ келді деп ата-аналарымыздан бастап бәріміз қуанғанымыз, Алматыдағы (мұнда қалаңызды айтасыз) туыстарға сүйінші хабар айтқанымыз, баланың тәй-тәй басқаны, былдырлап сөйлегені, «ата», «әже», «мама», «папа» деген алғашқы сөздері ыстық, ортақ қуанышымыз болған еді.
Енді бірер сөзді құдаларға арнайын. Құдағи қызымызды өзінің қызындай қарсы алады деп сенгіміз келеді. Қызымыздың қадамы құтты болып, үйлеріңізге ырыс ала кірсін. Екі баламыздың қызықтарын бірге тойлап жүрейік, біз де ата-әже болайық.
Тойшы қауымға айтарымыз, келген қадамдарыңыз құтты болсын. Той сіздерге жұғысты болсын, ылғи тойда кездесіп жүрейік.

Кеше ғана жүргендейсің балапандай бүлдіршін,
Білім алып, бой жетіп, ой түзедің.
Қанатың қатып, ұшып кеттің ұяңнан,
Қимастықтан ауырды менің жүрегім.

«Қыз - өрісің», «жат жұрттық» деген сөз бар,
Теңіңді таптың жүректен шыққан тілек бар.
Ақылды бол, еркелікті қоярсың,
Бір отаудың келіні сен боларсың.

Енеңді - анам, атаңды - әкем деп ойла,
Барған жерің - өз жұртыңдай сен сыйла.
Сонда ғана жағарсың сен еліңе,
Кір келтірме өзіңнің туған жеріңе

Құдай қосқан қосағыңмен қоса ағар,
Кешірімді, кішіпейіл болыңдар.
Аналық жүректен шыққан ақ тілегім,
«Қабыл болсын» деп Алладан тіледім.

Бір Алла тіл-көзден өзі сақтасын,
Жолдарың ақ, түзу болып басталсын.
Екі жасқа арналған осы ақ тілек,
Періштенің құлағына шалынсын.


Дастарханға берілетін ең қарапайым баталар жинағы - жаттап алыңыз!

Бата деген қазақтың салт-дәстүрінен сақталып қалған ең қазыналы мұрағатымыз. Дастарханға бата берудің өзінің әдеттері мен мыңдаған түрлері бар.

Үлкен кісілерден дастарханға бата сұрау сауапты іс болып табылса керек. Аузы дұғалы ол кісілерден тек жақсылық пен береке келетінге ұқсайды.

Қазақтар қарияларын әрдайым құрметтеп, Құдайға шүкіршілік етіп, оларды қазынасындай қорғаған. Ал дұғалы ауыздан шыққан бата үшін үйлеріне қонақ етіп, айтқандарын екі етпеген дейді.

Видеода берілген баталарды жаттап алуға тырысыңыз. Дастархан басына келіп, дым айта тұрмай, ұятқа қалып жүрмеңіз. Білмесеңіз, әрине, ұят.

Сұрақтарыңыз бар болса, пікірде жазыңыздар. Біз сол сұрақтарға байланысты видеолар шығарамыз.

#бата #дастархан

Комментарии

Информация по комментариям в разработке