Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty

Описание к видео Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty

Ақын Мақпал Жұмабай поэзия мен музыканы егіз деп есептейді. Ол бұл дәрісінде неліктен поэзия мен музыканы бір бірімен табыстырғанын түсіндіреді. Оның пайымдауынша, өлең әу бастағы болмысында музыкалы болды. Жер бетінде пайда болған өркениеттердің әдеби тариxы солай дейді. Ақындар өз өлеңдерін әуендетіп айтты. Оны әсерлі жеткізу үшін музыкалық аспап қолданды. Ақын деген ғасырлар бойы біз білетін бүгінгі “қалам мен қағаз ұстаған ақын” бейнесінен өзге болды. Олардың сол замандағы образы төрт элементтен тұрды: сөз, дауыс, музыка, аспап. Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты (2006 ж.), ҚР Президент қоры грантының иегері (2016 ж.)

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ бөлімін бітіргеннен кейін медиа-салада жұмысын бастады. Республикалық «Ана тілі» ұлт газетінің бөлім редакторы қызметін атқарды, осындай қызметті «Қазақстан» Ұлттық арнасы мен «Балапан» телеарнасында да атқарды. Қазіргі таңда Қазақстанның ашық кітапханасы – www.kitap.kz жобасының бас редакторы.

2008 жылы «Қырандар мен қазақтар» өлеңдер жинағын, ал 2017 жылы «Мақпал шер» поэтикалық жинағын (өлең кітабы және аудиоальбом) басып шығарды. This talk was given at a TEDx event using the TED conference format but independently organized by a local community. Learn more at https://www.ted.com/tedx

Комментарии

Информация по комментариям в разработке