«Жындыханаға жатқызамын деп қорқытты»: Қазақстандық әйелдер ауыр тағдыры туралы айтып, жылады

Описание к видео «Жындыханаға жатқызамын деп қорқытты»: Қазақстандық әйелдер ауыр тағдыры туралы айтып, жылады

16 жасында тұрмысқа шығып, анасынан қашқан келіншек 2 баласымен далада қалды. Әйелдің айтуынша, ол кішкентай кезінен жақынынан теперіш көрген. Анасы қызын жиі тепкінің астына салып, мойнына пышақ та тақаған. Анасы қызының баласын үкіметке немесе ажырасып кеткен бұрынғы күйеу баласының отбасына беремін деп қорқытқан. Бұл қорлыққа шыдамаған әйел қазір бас сауғалап жүр.
Ал зейнеткер Гузалья Лихвацкая меншігіндегі екі үйін де кенже қызының атына сыйлық ретінде жаздырып берген. Қызы үйді иемденген соң баласы екеуі қарияны үйден қуып шыққан. Бұдан қалды оны 2 аптаға жындыханаға жатқызып үлгерген. Зейнеткердің немересі оған жәбір көрсетіп, ұрып-соққан. Әжесінің психикасына әсер ету үшін үйге дабыл видеокамерасын орнатып қойған. Қария қазір жанашыр жандардан және заңгерлерден үйін қайтарып беруге көмек сұрайды.

Қазақ тіліндегі жаңалықтарына жазылыңыз!

Қазақстан мен әлемнің барлық маңызды жаңалықтарын біздің сайтымыздан оқыңыз: https://stan.kz/

Біздің каналымызға тіркеліп, ең қызықты видеоларды көріңіз.    / @stankz1  

Қазақстан мен әлемдегі оқиғаларды әлеуметтік желідегі парақшамыздан бақылаңыз.

  / editor.stankz  
https://vk.com/stankz
  / _stan.kz  
  / stan.kz  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке