Иондардың түзілуі. Химия 8 класс

Описание к видео Иондардың түзілуі. Химия 8 класс

Атомдағы электрондардың ядроға тартылу күштері протондар мен нейтрондарға қарағанда әлсіз болады, сондықтан электрондар атомдардан оңай бөлініп басқа атомдарға қосыла алады. Электрондардың ауысуы нәтижесінде иондар түзіледі. Атомның электрондарды беруі немесе қосып алуы нәтижесінде түзілген зарядталған бөлшектер иондар деп аталады. Иондар оң "+" және теріс "-" зарядты болады. Металдар өздерінің электрондарын беріп жіберіп, оң зарядталған иондар - катиондар түзеді. Бейметалдар электрондарды қосып алып, теріс зарядталған иондар - аниондар түзеді. Периодтық кестеде әрбір период аяқталғанда химиялық белсенділік жойылады, ал жаңа қабаттың пайда болуымен белсенділік қайта пайда болады. Электрондар беріп жіберген атомдар катиондар мен электрондар қосып алған атомдар аниондар бір-біріне тартылып иондық байланыс түзіледі. Түзілген оң және теріс ионның зарядтарының шамасы сол атрм беріп жіберген немесе қосып алған электрондардың санына тең болады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке