Енді жол көлік оқиғасы кезінде патрульдік полиция шақырудың қажеті жоқ

Описание к видео Енді жол көлік оқиғасы кезінде патрульдік полиция шақырудың қажеті жоқ

Енді кішігірім жол көлік оқиғалары мен сақтандыру төлемдері полицейлердің қатысуынсыз реттеледі. Сол арқылы апат салдарынан зардап шеккен тарап сақтандыру төлемдерін ертерек өндіруге мүмкіндік алып отыр. Президент күні кеше бірқатар өзгертулер енгізілген сақтандыру нарығына қатысты заңға қол қойған. Бұл мәселе былтырдан бері талқыланып келген еді. Себебі қолданыстағы заң бойынша жол көлік оқиғасын ресімдеу - өте ұзақ процесс.
Яғни алдымен оқиға орнына патрульдік полиция келіп хаттама толтырады. Сосын апатты жағдайға тап болған жүргізушілер медициналық мекемеге барады, кім кінәлі екенін анықтау үшін соттың көмегіне жүгінеді. Ал осыдан соң бір-бір жарым айдан кейін сақтандыру төлемдеріне қол жеткізетін. Енді бұл процесс айтарлық жеңілдетіліп отыр. Өйткені кішігірім апат болған жағдайда полицейлерді шақыртудың қажеті жоқ. Әрі сақтандыру төлемдерін де сотқа жүгінбей-ақ ала алады. Бәрі онлайн, арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Мұндай тәсіл әлем елдерінің тәжирибесінде бар екен. Сарапшылар ақылдасып, еурохаттама жүйесін негізге алуды жөн деп шешіпті. Бірақ ол үшін бірнеше талап сақталуы керек. Оның біріншісі, жол көлік оқиғасында жәбірленушілер болмауы тиіс. Сәйкесінше, автомобильдердің зақымданғаны ғана ескеріледі. Сондай-ақ, апатқа түскен көлік саны екіден аспағаны маңызды. Тараптар өзара келісім жасаған соң қолданыстағы полистерге өздері туралы толық ақпаратты енгізеді. Ал келтірілген залалдың шекті мөлшері - сақтандыру төлемінің ең жоғары сомасына тең болуы шарт.



Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#ДТП #сақтандыру #ЖолКөлікОқиғасы

Комментарии

Информация по комментариям в разработке