Puff Diddy лақап атымен әлемге әйгілі Шон Комбске қатысты жанжал одан әрі ушыға түскен сияқты

Описание к видео Puff Diddy лақап атымен әлемге әйгілі Шон Комбске қатысты жанжал одан әрі ушыға түскен сияқты

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Puff Diddy лақап атымен әлемге әйгілі Шон Комбске қатысты жанжал одан әрі ушыға түскен сияқты. Себебі, тағы елуден астам адам атақты рэпер мен оның достарын «жыныстық зорлық көрсетті» деп кінәлап арызданбақ. Сорақысы, шағым түсіргелі жатқан жәбірленушілер қылмыс жасалған сәтте кәмелет жасына толмаған екен.
Жалпы, бұл Шон Комбске тағылған алғашқы айып емес. Өйткені, кейінгі 25 жыл ішінде Диддиден «қорлық көргенін» айтып, шағымданған қыз-келіншектер жетерлік. Тіпті, жастардың сүйікті әншісі Джастин Бибер атақты продюсердің құрбаны болуы мүмкін деген де ақпарат бар. Қауесетке 2009 жылы небәрі 15 жастағы Бибердің рэпермен 48 сағат бірге жүруі себеп болған. Ал, биыл мамыр айында музыканттың экс-әйелі Кэсси Вентураны қонақ үй дәлізінде тепкілеп, шашынан сүйреген бейнежазба жарияланды. Вентура да заңды некедегі он жыл ішінде жүйелі түрде соққыға жығылып, қорланғанын мәлімдеген еді. Айтуынша, Дидди есірткі тұтынуға, өзге ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, процесті таспалаған. Енді, міне осыған ұқсас тағы елу арыз жазылуы мүмкін. Ал зардап шеккендердің арасында әйелдермен қоса ерлер де бар. Айта кетейік, рэпер екі апта бұрын қамауға алынған. Ол ұзақ жылдар бойы жеңгетайлықпен айналысып, әйелдерді жыныстық қанау үшін құлдықта ұстаған деген күдікке ілініп отыр. Қазір Дидди қатаң бақылауда. Себебі, рэпер изолятордағы алғашқы күні өз-өзіне қол салуға тырысқан.
-----------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке