Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары су астында қалды

Описание к видео Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары су астында қалды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: https://www.youtube.com/@informburo31...
---------------------------------------------
Еліміздің бірқатар өңірінде күн күрт жылынып, жолдар мен көшелерді су шайып жатыр. Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында еріген қар суы сай-саланы толтырып, үйлерге де кіре бастаған. Әсіресе, Ақтөбе облысындағы елдімекендерде жағдай күрделі. Жұрт айналаға жайылған судың кесірінен көшеге шыға алмай, көлік қатынасы қиындаған. Аймақта жедел штаб құрылып, қауіпсіздік жұмыстары жүргізілуде. Толығырақ әріптесім Кәмшат Қопаева айтып берсін.
---------------------------------------------
Толығырақ мына жерде:    • Информбюро 26.03.2024 Толық шығарылым!  

Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  

Бүгінгі шығарылымда:

Биыл да Ақтөбе облысының тұрғындары еріген қар суымен алысып жатыр. Көктемгі су тасқыны Темір ауданы Шұбарқұдық ауылындағы бес үйді басып қалған. Тағы 25 баспананың
қора-қопсысы мен ауласына су кірген. Жыл сайын қайталанатын жағдай әбден мезі етті дейді жұрт. Себебі, кей адамдар көшеге шыға алмай қиналып жатыр.
АНАР ҚАЛИЕВА, Шұбарқұдық ауылының тұрғыны:
– Осымен үшінші жыл суға кетіп жатқанымызға. Бұл жылда қайталанатын жағдай. Қайталанғаны соншалық судың қай тұстан келетінін де білеміз. Бұндай жағдайлардан сабақ алу керек сияқты әкімдеріміз. Неге мынадай суға кетеміз, айдың күні аманында. Үйіміз құрыды ғой. Судың ортасында тұрмыз. Не масқара мынау?! Неше күн болды дүкенге бара алмаймыз.
Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жедел штаб құрып, ахуалды бақылауға алған. Қазіргі таңда судың деңгейі 30 сантиметрге түсіп, негізгі қауіптің беті қайтыпты. Сондай-ақ ауданға қосалқы күш ретінде сарбаздар мен Маңғыстау облысынан келген құтқарушалар жұмылдырылған.
САИД МОЛДАҚАРАЕВ, Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
– Қазіргі таңда Темір ауданында жедел штаб құрып, сол жерде жұмысты ұйымдастырып жатыр. Қосымша №20982 әскери бөлімінен 54 адам, 6 техника қосымша көмекке барды. Қазіргі таңда дамбыларды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек бүгін азанда төрт вахтовқа жіберілді. Ол адамдарды қажет болған жағдайда эвакуация көшіруге керек. Қосымша он мотопомпа жеткізілді.
Байғанин ауданында да бірнеше үйге су кіріп, Қарауылкелді-Миялы тас жолын және Жем станциясының маңындағы теміржолды шайған. Жалпы мерекедегі ауа райының күрт жылынуынан Ақтөбе облысынан бөлек, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында да қар тез еріп, тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Қазір су басу қаупі бар аймақтарда бақылау күшейді.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке