DEREKKÖZ #2 / Үш мың жылдық кәсіпті жалғастырған жігіт / ТЕМІРШІ ДҮКЕНІ

Описание к видео DEREKKÖZ #2 / Үш мың жылдық кәсіпті жалғастырған жігіт / ТЕМІРШІ ДҮКЕНІ

Алматы қаласында ата-бабасының бірнеше ғасырлық қару-жарақ жасау дәстүрлерін сақтап келе жатқан темірші ұста бар.

Бейбарыс Махмұтұлы бала кезінен әкесімен бірге темір өңдеп, көне стандарттар бойынша қару жарақ пен сауыт-сайман жасайды. Дәл осы кәсіппен оның бірнеше атасы айналысқан.

Бейбарыстың қолымен жасалған қылыш, айбалта, күрзілері – ата-бабамыздың қару-жарағының дәлме-дәл көшірмесі, яғни осыларды алып, орта ғасырлық шайқасқа шығуға әбден болады, себебі олар байырғы кезден келе жатқан тәсілмен, арнайы ереже бойынша жасалады.

Бейбарыс – бүкіл әлем бойынша қазақтың нағыз темірші ұсталық өнері мен отбасы құпияларын жалғастырушы жалғыз адам.

Бүгін біз Бейбарыспен бірге оның отбасылық темірші дүкеніне толық экскурсия жасаймыз!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке