500 миллион $ желге ұшты | Халықтың жеке мәліметі Ресейге кетті ме? | Билік Интернетті бұғаттамақ

Описание к видео 500 миллион $ желге ұшты | Халықтың жеке мәліметі Ресейге кетті ме? | Билік Интернетті бұғаттамақ

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс

Спикер: Жансерік ТӨЛЕГЕН - "RESELF" IT компаниясының директоры.
Әкім ТҰРСЫН - "QMED" Ұлттық инновациялық медицина палатасының басшысы.

Бүгінгі Подкастта 2 Үлкен мәселе талқыланды. Бірінішісі Ресейлік платформаны Қазақстанға енгізу. Екіншісі Қазақстандағы интернетті бұғаттауға ұмтылған депутаттардың әрекеті. СойқанStyle.
Егов-ты Сбер-ге ауыстыру қоғамда қатты талқыланып жатыр. Оған Қазақстанның бюджетінен жұмсалатын 500 миллион $ ақылға томпақ дүние. Сонша қаржы жұмсап Ресейдің платформасын енгізетіндей басымызға не күн туды? Мұның астарында қандай қауіп бар? Қазақстан IT маман жоқ па? Заңды сұрақтар. Басымызға күн туғанын, қауіптің сұмдық үлкен екенін подкастта ұқтық. Таяп келген трагедияны алғаш естіп естен танған шығармашылық топ 2 тәулікті ұйқысыз өткізді.
Бүгінгі талдау несімен ерекше: "шымшық сойса да қасапшы сойсын" демекші, біз мықтыларды арнайы алдырдық. Бірі инновациялық палатаның президенті, Қазақстанның IT саласындағы шалағайлығын жіпке тізді. Оқушылардың Күнделігін Ресейлік платформаға жүктеген масқарамыздан бастап бәрінің бетпердесін сыпырды. Оқушыларға порнографиялық видеолар шығып кетіп масқара болғанымыз кеше ғана еді.
Екінші спикер: дардай IT компанияның директоры. Сбер-дің ішіне еніп, зерттеп, қауіптің көкесін көріп, зерттеген жігіт. Бір ғана масқараны айтайық, Сбер-ді Ресейдің өзі әлі қолданбаған. Демек, Қазақстан олар үшін сынақ алаңы секілді. Тест ретінде көреді, біздің елде кемшілік кетсе өз елдеріне енгізбес бұрын соны жөндеп алады. Ал біз олардың шикі платформасына бүкіл халқымыздың жеке мәліметін жүктемекпіз. Ол үшін бюджетімізден 500 миллион $ төленбек. Екі маман бір ауыздан айтты: Ресей бізде "шіріген гүлді әдемі қағазға орап сатты".
2 ТАҚЫРЫП:
15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары "балаларға қарсы кибербуллинпен күресеміз" деп әлеуметтік желіні бұғаттауға мүмкіндік беретін заңды бірінші оқылымда мақұлдай салды. Талап былай: Әлеуметтік желілер (Google, Twitter, Facebook, YouTube т.б.) Қазақстаннан кеңсе ашуға міндеттеледі, оны Қазақстан Республикасының азаматы басқаруы шарт, егер олай болмаса әлеуметтік желі бұғатталады. IT мамандар әлемдік интернет гиганттардың Қазақстаннан кеңсе ашпайтынын ашып айтты, ендеше бұл интернетті бұғаттауға, сөз бостандығын шектеуге арналған тамаша тәсіл емес пе? Жалпы әлеуметтік желіні белгілі бір елде бұғаттау мүмкін бе? Депутаттар тағы да шәйіп кеткенге ұқсайды. Анығын мамандар айтады, факт, дәлел, анық ақпарат!
Егер дәтіңіз жетсе толық көріп шығыңыз, ескертеміз, подкаст біткен соң ұйқы мен күлкіден айрылсаңыз бізден кінә жоқ! Бірақ бұл біздің өмірізге тікелей қатысты мәселелер. Сондықтан сіздер ақиқатын білуге құқылысыздар, қорқынышты қабыл алыңыздар...

Инстаграм: https://instagram.com/nartay_aralbayu...
Фейсбук:   / nartai.sarsengaliyev  
Нартай Аралбайұлының медиа мектебі: https://instagram.com/stand_up_medias...

Комментарии

Информация по комментариям в разработке