ЖЫНДЫХАНАДАҒЫ НАУҚАС ҚЫЗДАРҒА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРСЕТКЕНДЕР ЖАЗАЛАНА МА?!

Описание к видео ЖЫНДЫХАНАДАҒЫ НАУҚАС ҚЫЗДАРҒА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ КӨРСЕТКЕНДЕР ЖАЗАЛАНА МА?!

Жүйе. Бұл подкаст жүйедегі заңсыздыққа тап болып, құзырлы органдардың кедергілеріне кезіккендер өз оқиғаларын ашық айтатын алаң.

Бұл шығарылымда Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығында орын алған адам төзгісіз жағдайлар талқыланады. Жүйке ауруына шалдыққан науқастарды емдеуі тиіс мекемеде кәмелетке толмаған Нури есімді қыздың зорлық-зомбылыққа ұшырауы көпшілікті шошытып отыр. Санитарлардың азғындық әрекеттерін полиция неге жасырып қалуға тырысып жатыр? Құзырлы органдар бұл істі неге жан-жақты тергемей отыр?

Подкаст қонағы Айзада ханым мен оның қызының ауыр оқиғасы — әділетсіздікке қарсы күресудің шынайы мысалы. Бүгінгі шығарылымда біз осы жағдайдың астарына үңіліп, кейіпкерлердің жанайқайын ұсынып отырмыз. Жаңа шығарылымға өз пікіріңізді қалдырып, әділдік жолында күресуге бір кісідей атсалысыңыз!

Біздің байланыс нөміріміз: 8701 186 38 38 ©
Жоба ақылы. Демеушімен төленген.

Ескерту: Бағдарлама барысында кейіпкерлердің айтқан пікірлері мен көзқарастары Айгүл Орынбек - LIVE YouTube арнасының ұстанымын білдірмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Масс-медиа туралы» заңына сәйкес, сұхбат берушілер өз мәлімдемелерінің дұрыстығы және мазмұнына толықтай өздері жауапты екенін ескертеміз!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке