Қызылорда облысы аймақтар арасында құрылыс қарқыны бойынша алғашқы үштікке енді

Описание к видео Қызылорда облысы аймақтар арасында құрылыс қарқыны бойынша алғашқы үштікке енді

Қызылорда облысы аймақтар арасында құрылыс қарқыны бойынша алғашқы үштікке енді. Қазір қалада жаңа автовокзал, әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин мен еліміздің өзге өңірлерінен келген сала мамандары Сыр еліндегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин бастаған сала мамандары ең әуелі қаланың сол жағалауындағы автовокзалдың құрылысымен танысты. 1 млрд теңгеге жуық қаражатқа салынып жатқан нысанның құрылысы жуық арада толығымен аяқталады. Ғимаратта күту залы, дәмхана, ірі сауда орны мен автокөлік жөндеу цехы бар. Ал әр облыстан келген құрылыс басқармасының басшылары қалада бой көтеретін бірқатар нысандарды аралап шықты. Мұндай сапар өзара тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді, дейді олар.
АЙНҰР МАНКЕШОВА, Маңғыстау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
— Бүкіл регион бойынша бәріміздің де жасап отырған еңбегіміз қызметіміз бір салада болған соң бір жобамен жүреміз ғой енді бәріміз. Сондықтан өте керемет форум болды. Жаңадан салынып жатқан жобалармен таныстық. Әріптестеріміздің жұмыстарын көрдік.
Өңірде тек бюджет есебінен ғана емес, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен де әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен әуежай, спорт алаңдарының құрылысы және көпқабатты үйлердің қасбетін қаптау, аулаларды абаттандыру жұмыстарына демеушілер қаржы бөлген.
ТИМУР ҚАРАҒОЙШИН, ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:
— Мың пәтер салуға ақша бөлгенбіз. Соны биыл Қызылорда облысының халқына сол пәтерлерді бір жылдың ішінде халыққа берді. Сол мың пәтердің ішінде 550 пәтер аудандарда салынып отыр. Жергілікті бизнесте жүрген азаматтар осының бәрін қолын созып халыққа қарай жақсы мынадай жұмыстар жүргізген. Оны да көріп жатырмыз.
Вице-министр өңірді абаттандыру үшін алдағы жылы Қызылорда облысына республикалық бюджеттен 2 млрд 400 миллион теңге қарастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ, жол жөндеу жұмыстарына кәсіпкерлер өз есептерінен 3 жарым млрд теңге бөлмек. Бұл қаражатқа 630 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланған.


Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке