Алматыда мектепті үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» табысталды

Описание к видео Алматыда мектепті үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» табысталды

«Жас түлек 2018» салтанатты шарасының аясында Алматыда мектепті үздік бітірген түлектерге «Алтын белгі» табысталды.

2017-2018 оқу жылын қала бойынша 9030 түлек аяқтады. Олардың ішінде 518 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Білімді жастарды құттықтаған қала әкімі Бауыржан Байбек, жас түлектерге өмірдің жаңа белесінде ақ жол тіледі. Айта кетейік, соңғы жылдары «Алтын белгі» тағайындауды мектептердің өздері жүргізеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде аталған атақты растау қажет емес. Тестілеу тек грант иегерлерін ғана анықтап, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін береді. Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде маусымның 20-сында басталады. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
   / tv24kz  
Наш сайт - https://24.kz
Facebook -   / tvkhabar24  
Instagram -   / tvkhabar24  
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter -   / tvkhabar24  
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Комментарии

Информация по комментариям в разработке