Logo video2dn
  • Сохранить видео с ютуба
  • Категории
    • Музыка
    • Кино и Анимация
    • Автомобили
    • Животные
    • Спорт
    • Путешествия
    • Игры
    • Люди и Блоги
    • Юмор
    • Развлечения
    • Новости и Политика
    • Howto и Стиль
    • Diy своими руками
    • Образование
    • Наука и Технологии
    • Некоммерческие Организации
  • О сайте

Скачать или смотреть Түркістан облысында солақай балалар оқитын ерекше сынып бар

  • Информбюро 31
  • 2025-11-27
  • 393
Түркістан облысында солақай балалар оқитын ерекше сынып бар
Информбюро31 канал информбюроновости информбюроинформбюро жаналыктарглавные новости страныновости казахстанажаңалықтарzhanalyktarжаналыктарбасты жаңалықтаркешкі жаңалықтаринформбюро қазақшакешегі жаңалықтаринформбюро орысшавечерние новостиИрина ЕвгеньеваНұртілеу ЖылқышыбайДиас Махамбетов
  • ok logo

Скачать Түркістан облысында солақай балалар оқитын ерекше сынып бар бесплатно в качестве 4к (2к / 1080p)

У нас вы можете скачать бесплатно Түркістан облысында солақай балалар оқитын ерекше сынып бар или посмотреть видео с ютуба в максимальном доступном качестве.

Для скачивания выберите вариант из формы ниже:

  • Информация по загрузке:

Cкачать музыку Түркістан облысында солақай балалар оқитын ерекше сынып бар бесплатно в формате MP3:

Если иконки загрузки не отобразились, ПОЖАЛУЙСТА, НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если у вас возникли трудности с загрузкой, пожалуйста, свяжитесь с нами по контактам, указанным в нижней части страницы.
Спасибо за использование сервиса video2dn.com

Описание к видео Түркістан облысында солақай балалар оқитын ерекше сынып бар

Түркістан облысында солақай балалар оқитын ерекше сынып бар. Тек сол қолмен жазатын оқушылардың бір жерге топтасуы сәйкестік екен. Мұғалімдер ұл-қыздардың көбі оңқайларға қарағанда алғыр әрі белсенді болады деп отыр. Олардың әсіресе өнер мен шығармашылыққа жақын болып келетінін байқапты. Солақайлар сыныбындағы балалармен өңірдегі әріптесім Нәзерке Үкібасова тілдесіп келді.
Зейнеп Бақыт туғанынан солақай. Озат оқушы ән-би үйірмелерінен қалыс қалмайды. Мектептегі сайыстарда да үздік атанып, үнемі белсенді болып жүреді. 9 жастағы қыз үйінде жалғыз солақай емес екен.
ЗЕЙНЕП БАҚЫТ, 3-сынып оқушысы:
Біздің үйімізде 3 адам солақай. Мен және атам мен әкем солақай. Мен күнде мектепте 10 балл алып келемін. Жазу жазғанда сол қолмен жазамын.
Арыс қаласындағы нөмірі төртінші бастауыш мектепте бір сыныпта 24 оқушы солақай. Бұл ерекшелік олардың әріптерінің әдемілігіне еш кедергісін келтірмеген. Керісінше бәрінің де жазуы маржандай. Олардың оқу үлгерімдері де жақсы. Көбі шығармашылыққа бейім.
ГҮЛНАЗЫМ МЕДЕУБЕК, 3-сынып оқушысы:
Мен сол қолмен де, оң қолмен де жаза беремін. Тамақты оң қолмен ішемін. Басқа заттарды істегенде оң қолмен де сол қолмен де істей беремін. Үйде екі адам сол қолмен жазамыз. Ағам, мен.
Бірінші сыныпқа қабылдағанда шәкірттерінің бәрі де сол қолмен жазатынын көргенде Сара Әлімбекованың өзі де таң қалыпты. Мұғалім 24 жылдық еңбек өтілінде мұндайды көрмегенмін деп отыр. Білместікпен оқушыларды оң қолмен жазуға бейімдегісі келіпті. Бірақ бұл әрекетінің балаларға кері әсер ететінін түсінгенін айтады.
САРА ӘЛІМБЕКОВА, мектеп мұғалімі:
Таңдап алмадым бұларды. Өздері осылай бірыңғай келген. Жыл басында 29 оқушы еді. Соның 24-і сол қолмен жазады. Бұларды осылай сол қолмен жазар кезде оң қолмен жазуға мәжбүрлегенімде көптеген материалдар іздедім жан-жақтан. Сол кезде бұларды мәжбүрлемеу керек екенін түсіндім. Ол невроздық, құлақ естімей қалу, кекештік ауруларға шалдықтырады екен.
Ұстаздың сөзінше оң қолмен жазатын адамдардың миының сол бөлігі жақсы дамыса, солақайлардың миының екі жағы да жақсы жұмыс істейді. Сондықтан шәкірттерінің басқа оқушыларға қарағанда алғыр екенін аңғарған. Қала берді бұл құбылыстың тұқым қуалайтынын да біліпті. Мәселен сыныптағы он оқушы ғана отбасында сол қолмен жаза алатын жалғыз адам болса, қалғандарының ата-әжелері солақай екен.



#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #Новости #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке

Похожие видео

  • О нас
  • Контакты
  • Отказ от ответственности - Disclaimer
  • Условия использования сайта - TOS
  • Политика конфиденциальности

video2dn Copyright © 2023 - 2025

Контакты для правообладателей [email protected]