КТК: Қазақстан жаңалықтары 15.03.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 15.03.2024

Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ
Дәстүрлі ұғымдарымыз бен құндылықтарымызға жасалып жатқан ашық шабуыл! Мемлекет басшысы Атырауда өтіп жатқан үшінші ұлттық құрылтайда ел ішінде қара киініп, тұмшаланып жүру үрдісін сынға алды.

ЕЛТАҢБА ӨЗГЕРЕДІ
Эклектикасы көп, тым күрделі. Мемлекеттік елтаңбамызды өзгертуге қатысты ашық байқау жарияланбақ.

АРТЫҒЫН ҚАЙТАРАДЫ
Астаналықтар жылу үшін 3 млрд теңге артық төлеген. Бас қаланы жылумен қамтамасыз ететін мекеме: құбыр жаңарту керек, жұмысшыларымыздың айлығын көтеру керек деген желеумен, тарифті тым аспандатып жібергені анықтылды.

КӨКЖӨТЕЛ ӨРШІДІ
Екпеден бас тартқан ата-аналардың кесірінен тағы бір ауру дендеп барады. Қарағанды облысында коклюш жұқтырған балалар саны көбейген.

ӨТЕМАҚЫ ӨНДІРДІ
Пойыздың купесі лас болғаны үшін Ақтөбе тұрғыны "Қазақстан Темір жолын" сотқа беріп, жеңіп шықты. Жолаушыға енді 300 мың теңгедей өтемақы төленуі тиіс.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке