Салауатты өмір салты дегеніміз не-әр адам әр түрлі түсінеді.
Салауатты өмір салты дегеніміз дұрыс тамақтану және спортпен шұғылдану ғана емес.
Салауатты өмір салты бұл сіздің денсаулығыңызды жақсартуға бағытталған шаралар кешені!
✅ КАНАЛҒА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ - ПАЙДАЛЫ ВИДЕОЛАР ШЫҒАДЫ ✅
✅ҚОҢЫРАУШАНЫ БАСЫҢЫЗ 🔔 БІРІНШІ БОЛЫП ҚАРАҢЫЗ ✅
Егер салауатты өмір салтын ұстанбайтын адамды алсақ, онда оның өмір сүру ұзақтығы шамамен 50 жыл болады, ал салауатты өмір салтын ұстанатын адамды алсақ, онда ол қанша жыл өмір сүреді деп ойлайсыз?Салауатты өмір салтын ұстанатын адам 90 жылдай өмір сүреді . Бірақ бұл тек ұзақтықта ғана емес, өмір сүру сапасында да, өйткені салауатты өмір салтын ұстанбайтын адам 50 жастан кейін, күн сайын ауырып , азап шегеді , өзін ауыру сезінеді, күші азайады, түрлі түрлі жаман ауруларға шалдығады , жаман жағдайға түседі.
Дені сау адам 90 жыл бойы көтеріңкі көңіл-күй мен күш-қуатпен көңілді және жігерлі өмір сүреді.Қалай ұзақ өмір сүруге болады.Салауатты өмір салтын қалай бастау керек, нені білу керек, не істеу керек, алғашқы қадамдар қандай, сіз осы видеороликте салауатты өмір салтының ең маңызды үш ережесін білетін боласыз. Сондықтан видеоны соңына дейін қараңыз, өте қызықты және пайдалы болады, ал ендеше кеттік.
Салауатты өмір салтын ұстанудың ең маңызды 3 ережесі
1)Бірінші ереже Ерте тұру.
Ерте тұру арқылы күні бойы сергек жүріп көңіл-күйді жақсы деңгейде ұстауға болады.Ерте тұру түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі.Денсаулығыңыз жақсы бола түседі.Ерте тұру арқылы өз карьераңызда жоғары көтерілуге көп мүмкіндіктерге ие боласыз.Ұзақ өмір сүретін адамдардың,табысты адамдардың көпшілігі ерте тұрады.Таңғы уақытты салауатты өмір сүру салтын ұстануға арнасаңыз өте керемет.Таңғы жаттығу , жүгіру адамды бір күндік энергиямен қамтамасыз етеді.Ерте тұратындар мен кеш тұратындардың арасында айырмашылық көп болады.Кеш ояну стресске , депрессияға алып келеді , көңіл күйде көтеріңкі болмайды.АҚШ-тағы Солтүстік Батыс Университетінің зерттеуі бойынша , кеш оянатын адамдар , ерте оянатын адамдардан қарағанда 245 к/кл көбірек тұтынады екен.Кеш оянатын адамдар тұра салысымен табиғи тамақтар жемей,жылдам дайындалатын , зиян тағамдар жейді екен.
2)ең маңызды екінші ереже Дұрыс тамақтану
Ас адамның арқауы.Қаншалықты дұрыс тамақтансақ , денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ.Ғалымдардың айтуы бойынша адам денсаулығының 50 пайызы асқа тікелей байланысты.Дұрыс тамақтану сіздің денсаулығыңыздың кепілі.Дұрыс тамақтану диета емес.Дұрыс тамақтану арқылы артық салмақтан арылып,әрі ағзаға күнделікті қажет ақуыз , көмірсу, майды , мөлшерімен тұтынуды үйренесіз.
Дұрыс тамақтанудың пайдасы:
Сіз өзіңізді жеңіл сезінетін боласыз , ұйқыңыз қанады , ойлау қабілетіңіз бен жұмыс жасауға деген құлшынысыңыз артады , теріңіз тазарады , шаш пен тырнақ нығайа бастайды.Артық салмақтан құтыласыз.Бірнеше жылға жасара түсесіз.Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады.Әрбір қазақ дұрыс тамақтанып , денсаулығымызды күтейік.
Үшінші ереже Спортпен айналысу
Спорт салауатты өмір салтының негізгі бөлігі.Физикалық белсенділік денсаулыққағана емес адамның психологиялық жағдайынада әсер етеді.Тұрақты физикалық жаттығулар көңіл-күйді көтереді , стресспен күреседі.Арықтауға көмектеседі , артық калорияны азайтады.Тез ұйықтауға көмегін тигізеді.Миға және есте сақтауға көп көмегін тигізеді.Жаттығулар қан айналымын жақсартады және адамның сүйегін қатайтады.Ең пайдалы спорттың бірі-теннис.Зерттеулерге сәйкес теннис ең көп пайда әкелетін спорт.Ойын кезінде өкпе және бұлшық еттер үнемі жұмыс істеп отырады.Велоспорт-аяқ бұлшық еттерін , жүрек және өкпені күшейтетін спорттың бір түрі.Суға жүзу спортыда адам денсаулығына өте пайдалы.Жүзу барысында иық және жамбас бұлшық еттері күшейеді.10 минут ішінде 60 калория жанып кетеді.Себебі жүзу кезінде өте көп күш жұмсалады.АЭРОБИКА-оның ішінде жүгіру , би , гимнастика кіреді.АЭРОБИКА жүрек тамыр ауруларын болдырмайды.Спорт адам денсаулығын қалыпқа келтіретін құрал.Оның қай түрін таңдасаңызда ең бастысы одан рахат алу.
Достар сіздер салауатты өмір салтын ұстану керек деп ойлайсыздарма , мен айтқан ең негізгі үш ережемен келісесіздерме , комментарияға жаза кетіңіздер.Пайдалы болса жақындарыңызға таратып , салауатты өмір салтын ұстануды бастаңыздар. Менің жаңа видеом ұнаса лайк басып , каналға жазылыңыздар , менің келесі видеоларымда кездескенше
Информация по комментариям в разработке