Түкке тұрмайтын сылтаумен ажырасу көп

Описание к видео Түкке тұрмайтын сылтаумен ажырасу көп

«Әділетті қоғам» бағдарламасында қонақта Шымкент қалалық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының судьясы Дінмұхаммед Әзіретқұлов. Жастар неге ажырасады? Ерлі-зайыптылардың арасына ата-анасы түскен дұрыс па? Қоғамда ажырасудың көбеюіне ұлттық идеологияның әлсіреуі әсер етті ме? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздедік. Бағдарламаны көріп, пікір жазыңыз!

Тайм-код:
00:00 Анонс
01:00 Таныстыру
02:15 Барлық мәселе отбасыда көрген тәрбиеге байланысты
03:00 «Ажырасамыз» дегендерді татуласуға шақырамыз
06:00 Сотта 5-6 жастағы бала анасына қарағысы келмеді
07:30 Бір-бірін түсіне алмай жүрген ерлі-зайыптыны татуластырдық
10:40 Ажырасуға алып баратын себептер қандай?
12:00 «Күйеуім қызғанады» деп ажырасатындар бар
13:25 Әйелін ұратын адам – әлсіз адам
16:00 Түкке тұрмайтын нәрселерге бола ажырасып кетеді
18:00 Құмар ойын ойнап, отбасын үйсіз қалдырады
20:00 Тез баюға үйрететін коучтар көбейіп кетті
21:20 Ажырасуға үшінші тұлғалар жиі әсер етеді
22:30 Ерлі-зайыптыларға дұрыс ақыл айту керек
25:20 Қыз барған жеріне бақытты боламын деп барады
26:12 Ажырасуға келгендерді билер кеңесіне жібердік
27:00 Ата-анасы жас отбасыны ажырасып қалудан сақтап қалды
29:00 Әрбір әйел мен ер адам ажырасқанда балаларын ойлау керек
31:00 Алимент төлеуден қашатын ерлерге «жұмыс істе, ақша тап» деп айтамын
32:45 Бала өскеннен кейін ата-анасының бар қылығын еске салады
33:50 «Ажыраса саламын» деген ой қалыптасады
35:50 Ақсақалдарымыздың ұлттық идеологияда рөлі зор
37:00 Қазақ тілінің деңгейін көтеруіміз керек
38:00 «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме»
38:50 Ешкімді мәжбүрлеп «қазақша сөйле» деп мәжбүрлей алмаймыз
39:40 Шағым жазу мемлекеттік тілде болуы керек
40:30 Адвокаттарымыз істі орысша жүргізгісі келеді
43:30 Заңгерлердің көбі орыс тілді
45:35 Қоғам тату болуы керек
46:25 Қоштасу

Комментарии

Информация по комментариям в разработке