«Әйелді денесіне жарақат салмай ұруға болады» - деп уағыз айтушылар кім? | Неге теолог әйелдер жоқ?

Описание к видео «Әйелді денесіне жарақат салмай ұруға болады» - деп уағыз айтушылар кім? | Неге теолог әйелдер жоқ?

Спикер: Кеңшілік Тышқанұлы, дінтанушы.
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Әйелді денесіне жарақат салмай ұруға болады» деген уағыз айтылған видео тарап еді әлеужеліде. Кей қолданушылар дау туғызған видеоның бұдан бірер жыл бұрын YouTube желісінде жариялағанын, ондағы Мұхаммед пайғамбардың хадистеріне сілтеме жасап сөйлеген адам – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшесі болған, қазір Алматыдағы "Нұр Мүбəрак" университетінде қызмет істейтін Ризабек Батталұлы деп жазды. Жалпы біздің қоғам арасында әйелін ұратындардың тым көп екені белгілі. Тіпті жылына 400 келіншектің отбасындағы зорлықтан қаза табатыны да статистикадан белгілі. Оған соңғы экс-министр Бишімбаевтың оқиғасы мысал. Ерлер қауымы арасында бұл әрекетті әйелдің өзін кінәлаумен ақтап жататыны да бар. Бірі дінді сылтау етеді. Әйел ерінен бір саты төмен тұру керек деген позицияны ұстанады. Шындығында Ислам қыз баласына қол көтеруге рұқсат бере ме? Бұл сұрақты біз дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы қойған едік.

#әйелдіұры #уағыз #салафизм

Көруге ыңғайлы болуы үшін:
00:00 Анонс
01:18: Амандасу. Спикер – дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы
01:45 «Дінді түсіндіретін ер азаматтар болғаннан кейін өз мүддесін көп айтады»
03:14 Пайғамбардың өзі әйеліне қоқабыс жасаған
04:35 «Әйелді денесіне жарақат салмай ұруға болады», - деп уағыз айтатындар бар»
04:44 «Төрт күйеуге тию – әйелдің өзіне обал»
06:22 «Көп әйел алуда әділеттілікті сақтау өте қиын»
07:44 Қазақ қоғамының трагедиясы – ажырасу
10:05 Қазақтың әмеңгерлігі
11:20 Махр сұраудың мазмұнын өзгертіп жібердік
16:05 Неге әйел теологтар жоқ?
17:45 «Мемлекеттің саясаты қандай болмасын менің жүрегімдегі дінге тиісе алмайды»
20:10 Намазханның бәрі періште емес
21:46 Нәпсінің тәрбиесі
23:09 Пендешіліктен арылу
25:23 Салафизмды тоқтату шынында да мүмкін емес пе?
26:26 «Бір діни ұйымының жіпті тартасаңыз артында бір мемлекет тұрады»
27:51 Билік дінді бірізділендіруі керек
28:29 Қазақстан билігі бейқам отырған жоқ па?
31:04 Қазақстанда 3831 діни бірлестіктер тіркелген
21:23 Неге уағызға шектеу қойылмай келді?
32:28 Радикализм деген заңда жоқ. Дін туралы жаңа заң әзірленіп жатыр
34:42 Дәстүрлі дін дегенді айқындап алу керек
39:02 Теріс діннің өкілін қалай анықтаймыз?
41:07 Қажылықты сыйға алғандардың ниеті қабыл бола ма?
44:38 VIP қажылық
48:01 Риа – көрсету үшін жасалған құлшылық
48:48 Хиджаб киюге рұқсат беру – қорқуға негіз бар
55:06 Кім көрінгеннің уағыз айтуына тыйым салынды
57:20 Нұрлам имамның тиктокта айтып жүргені уағыз ба?
01:00:04 Қазіргі елдегі діни ахуал – тұрақты


Ұқсас видео:
   • Қыздардың мәһірге көп дүние сұрайтыны...  
   • Қазақстан үшін «Овертон терезесі» ашы...  
   • Хиджабтан бастап, Тілеуханға дейінгі ...  
   • Қазақ шекарасын бекіту - Қонаев, Тәше...  

============================================
Біздің әлем желілерімізге жазылыңыз:
  / neboldy7  
  / nukte_kaz  
  / neboldy.kz  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке