Мал өсірсең қой өсір – пайдасы оның көл көсір.

Описание к видео Мал өсірсең қой өсір – пайдасы оның көл көсір.

Мал өсірсең қой өсір – пайдасы оның көл көсір деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Мал баққанға бітеді осындай қағидаға сүйенген Шу ауданының Көкқайнар ауылында «Жылқыбай» шаруа қожалығы осы бағытта ұсақ мал өсіру шаруасымен айналысады. Жылдың басты құжатында әсіресе шалғай өңір тұрғындарының екі қолға бір күрек тауып, тұрмысы түзеліп кетуіне лайықты жағдай жасау жоспарланған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021ші жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыт бойынша жалпы 377 400,0 мың теңге қаражат 100 адамға шағын несие беру және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шу аудандық филиалы арқылы 187 адам -оқыту жоспарланған болатын.
Шаруасын дөңгеленткен шаруа қожалығының жетекшісі Ғани Садыков алғашқы өкіметтің ауыл шаруашылығын дамыту бағытында берілетін жеңілдетілген несиесін алып бүгінде ата кәсіпке ден қойып отыр.Шопанның ақ таяғын алып төскейге қой өргізген шаруаның тіршілігі оңға баса бастаған. 4 милион жеңілдетілген несие алып ол 200 бас қылшықты жүнді қазақи қой алған. Қазір ол кәсіптің нәсібін көріп отыр.Бұл отбасылық кәсіпте ауыл тұрғындарының бес бірдей азаматын жұмыспен қамтьывп отыр. Олар ер жетіп отырған өз балалары мен ауылдастары. Олардың бірі жем шөп дайындаумен айналысса енді бірі малды бағуға жауапты есесіне әулеттің әлеуеті артып тұр. 800 ге тарта ұсақ малдың басын көбейткен шаруа көктемгі қырқын кезіндегі малдың жүнін өткізетін жердің жоқтығын айтып отыр.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке