Алаша хан мен Шыңғыс хан бір адам ба? // Ұлытау // Марфуға Шапиян

Описание к видео Алаша хан мен Шыңғыс хан бір адам ба? // Ұлытау // Марфуға Шапиян

Ұлытаудамыз. Қазақстанның ең көрікті әрі тарихи жерлерін аралау, бәрін көзбен көру мақсатым ақырындап орындалып келеді. Былтыр жазда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына Әйгерім екеуміз күшті саяхат жасап едік. Биыл осы облыстың Ұлытау ауданындағы тарихи ескерткіштерін Төрем Aibek көрсетіп жүр.

Алдымен ат басын Алаша хан мазарына тіредік. Көне сәулет өнерінің бұл ескерткішінің биіктігі 10 метр екен. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Ішінде күмбезіне алып шығатын жол бар. Төбесіне көтерілдік, айналысының бәрі қалың қорым. Алаша хан атауын біреулер алты алаштың басын біріктерген хан десе, енді біреулер қарапайым кісіге балайды. Соңғы кезде мұны Шыңғыс ханның қабірі деп жүргендер де жоқ емес. Қалай болғанда да нақты дәлел жоқ.

Кесененің өрнегіне мән берсең, кәдімгі қазақтың төрге төсейтін алашасының өрнегін көруге болады. Ерекше құбылыс. Ал бұл мазар туралы алғаш дерек қалдырған Кенесары ханның қолында төрт айдай тұтқын болған барон Услар екен. Кейін Шоқан Уәлиханов та арнайы келіп, зерттеу жүргізіп, өз сипаттамасын берген. Бертінде Әлкей Марғұлан бастаған экспедиция сүйекті қазып алған дейді. Антрополог ғалым Оразақ Смағұлов бас сүйегіне қарап, бет-әлпетін қалпына келтірген дейді. Қалай болғанда да мұнда тегін адам жатпағаны анық.

Ал маған қанша ғасыр өтсе де, жылдар көшсе де, мыңдаған адам келіп-кетсе де, осындай көне ескерткіштердің үнсіз сыр шертіп, жұмбағымды шеш дегендей сыр бүгіп тұратыны қызық көрінді...

Құпиясы қашан ашылар екен, жұмбағы қашан шешілер екен?...

#marfu_travels #marfu_traveller #жиһанкез_журналист #Қазақстан #туғанел #көріктімекен #qazaqstan #сакральныеместаказахстана #ТаңғажайыпҚазақстан #Қарағанды #алашаxан #улытау #саяхат #жезқазған #ұлытау.

МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:

*facebook:   / marfugashapian  
*vk: https://vk.com/marfugashapian
*instagram:   / marfugasha.  .
*telegram: https://t.me/marfugashapian
*блог: http://marfugashapian.islam.kz/kk/#gs...

Хат жіберу үшін пошта: [email protected]

Комментарии

Информация по комментариям в разработке