Қазақстан мен Өзбекстан 2034 ӘЧ өткізе ме? Министрлер не дейді? #3

Описание к видео Қазақстан мен Өзбекстан 2034 ӘЧ өткізе ме? Министрлер не дейді? #3

Ыстықкөлде 18 шілде күні Қырғызстан, Қазақстан, Түрікменстан мен Өзбекстан футбол қауымдастығы басшыларының кездесуі өтті.

Оған Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов, ҚФО президенті Медербек Сыдықов, Түрікменстан футбол федерациясының президенті Арслан Айназаров пен Өзбекстан футбол қауымдастығының вице-президенті Равшан Ирматов қатысты. Жиын барысында Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп, 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізу туралы ұсыныс тасталды.

Екі мемлекеттің достығы соңғы жылдары жаңа деңгейге көтеріле бастады. Ұлттық құрамаларымыз жолдастық кездесулер өткізіп жүр. Енді 2034 жылғы әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге ұсыныс берсек дұрыс еді, - деді Әділет Барменқұлов.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке