Әдепсіз шенеуніктер жазаланады

Описание к видео Әдепсіз шенеуніктер жазаланады

Мемлекеттік қызметшілер енді қай жерде жүрсе де, байқап сөйлеп, аяғын аңдап басуы тиіс. Шенеуніктердің іс-әрекеті үнемі әдеп жөніндегі кеңестің бақылауында болады. Кеңес бүгін алғашқы отырысын өткізіп, мүшелеріне ережелері таныстырылды. Әдеп кеңесі тек басқарма басшылары мен орынбасарлары, аудан, қала әкімдерінің әдебін бақылайды. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда мемлекеттік қызметкердің қоғамдық орындарда, үйде, жұмыс орнында өзін қалай ұстау керектігі нақты жазылған. Әдеп кодексін бұзған мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылады. Ескерту алады немесе жұмыстан босатылады. Әдеп кеңесі айына бір рет бас қосады. Құрамында 11 адам бар. Бұрынғы тәртіптік кеңестен тек облыстық мәслихаттың хатшысы мен облыс әкімі аппаратының басшысы қалған. Өзге мүшелері таратылып, жаңа құрам жасақталды. Әдепті бұзған адамға қатысты шешім шығару үшін кеңес мүшелерінің үштен екісінің дауысы жеткілікті.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке