Әбунасыр Жақанов - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тумасы.

Описание к видео Әбунасыр Жақанов - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тумасы.

Достар, бізде кәсіпкерлік жолында зор табыс пен жетістікке жеткен клиенттеріміз жетерлік. Бүгін солардың бірі туралы айтқымыз келеді.

Әбунасыр Жақанов - Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тумасы. Ол біраз жылдар Салық бөлімінде есепші болып жұмыс істеген, алайда 2010 жылы кәсіппен айналысу туралы шешімге келеді. Мектепте ұстаздық еткен жұбайы да жұмысын тастап, екеуі базарда мал азықтарын сата бастайды.

«Күніне 50-60 мың теңгеге сауда жасайтынбыз, 100 мың теңгеге сауда жасау арманымыз болды. 2012 жылы КМF-тен 150 мың теңге микрокредит алдық. Бұл қаржыны кәсіпке салып, 300 мың, 1 миллион теңге рәсімдеп, газель көлігін тізгіндедік. Кейін 2 миллион, 3 миллион, 5 миллион, былтыр 15 миллион теңге алдық. Қазір сататын тауарлар мол. Жетпей жатса KMF-ке хабарласамыз. Істі енді бастағанда «күніне 100 мың теңгеге сауда жасасақ» деп армандасақ, қазір күніне миллион теңгенің затын сатамыз», - дейді кәсіпкер.

Тауарлар Астана, Түркістан, Қостанай, Ақтөбе, Шымкент, Алматыдан келеді. Кәсіпті бастағанда тек жақын жердегі көтерме сауда орындарынан арбамен тасып жүрген олар кейіннен Түркістаннан тасыған. Несие алғаннан кейін газель жалдайтын болды. Уақыт өте келе газельді сатып алып, бірте-бірте КамАЗ-бен таситын халге жетті. Келесі жылдары вагондап таситын ойлары бар. Қазіргі таңда мал азығы саудасынан бөлек, азық-түлік дүкені, түшпара цехы жұмыс істеп тұр. Келесі жылы бүтін бір сауда және бизнес кешені бой көтермек.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке