КТК: Қазақстан жаңалықтары 02.04.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 02.04.2024

Жүргізуші: Мадина Балғабаева (Instagram: @madinabalgabayeva)

ЖАҒДАЙ КҮРДЕЛІ
Бес облыста тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды. 15 мың адам эвакуацияланған. Баспанасын су басса да мал-мүлкін қимай, қауіпсіз жерге көшуге қарсылық танытқандар құтқарушылардың жұмысын қиындатуда!

ҚАШАН ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ?
Жаңа баспана қызыл су жүрген жерге салынбаса болды! Тасқыннан зардап шеккендерге 80 шаршы метрлік баспана үкімет есебінен тұрғызбақшы.

ЖАРИЯЛАУҒА МІНДЕТТІ
Утильалым жинау о бастан қате шешім болғаны аздай, соның арқасында халықтан түскен триллиондаған теңгенің есебін де ешкім білмейді. Бүгін қоғам белсенділері Жоғарғы сотта осыны дәлелдеп, утильалымға жауапты министрлікті жеңіп шықты.

АБЫРОЙЫ ҮШІН
Ақтөбе сотында абақтыда суицид жасап өлген күдіктінің ісі қаралды. Ата-анасы дүниеден өткен ұлының ауыр қылмыс жасамағанын айтып, ақтап алу үшін тіпті екі адвокат жалдаған.

БАСПАНАСЫЗДАРДЫ БОПСАЛАҒАН
Қаңғыбастардың атына несие алуға мәжбүрлеген қылмыстық топ құрықталды. Үй-күйі, тіпті құжаты жоқтарға қаржы ұйымдарының оайшылықпен онлайн қарыз бере салуы да бір жұмбақ.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке