500 мың теңге жалақы | Қазақстанда неге жалқау көп? | Жерден ақша табудың жолы | ЕҢБЕК АДАМЫ #4

Описание к видео 500 мың теңге жалақы | Қазақстанда неге жалқау көп? | Жерден ақша табудың жолы | ЕҢБЕК АДАМЫ #4

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы

🔹Спикер: Бағдат Тоқтарұлы -агроном. Жылыжай жасаған адам.

Күні кеше Қазақстанда халық саны 20 миллионға жетті деп сүйіншіледік. Өте қуантарлық жәйт. Себебі, демографиясы демікпеген ел ғана дамиды. Бірақ, сол 20 миллионның 60 пайызы қалада тұрады. Салдарынан урбанизацияның уысына түсіп, уыты тиген ауылдардың тоз-тозы шығып, құрып барады. Сарапшылардың болмжамына сенсек, қазіргі мегаполистердегі халық саны 2050-інші жылға қарай екі есе өседі екен. Ал, ауыл жайлы болжам бұлыңғыр. Біле білгенге ауыл дегеніміз қазақы бояудың, ұлттық тәрбиенің, тіл мен дәстүрдің және тағысын тағы құндылықтардың қайнар көзі, қазығы. Ендеше, ауылды қалай сақтап қалуға болады? Жалпылама жауап көп, жалқы шешім – жұмыс, табыс керек. Әр ауылдағы бір адамның қолына бір күрек ұстату емес, жаппай жұмылдыратын, жүйелі, кешенді һәм ғұмырлы жұмыс атқарылу тиіс еді. Осы ретте, арнайы мемлекеттік бағдарлама түзілген болатын. Ол – «Ауыл аманаты». Негізгі мақсат – ауылдағы ағайынның әл-ауқатын қуаттай түсу. Еңбек етемін, ауылда қалып, туған жерді түлетемін деген азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету. Бүгінгі кейіпкеріміз сол тетікті пайдаланып, еселі еңбек етіп жатқан адамның бірі.

Жалпы, «Ауыл аманатына» қиянат болмас үшін және ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін биыл бағдарламаға қазынадан 100 млрд теңге қарастырылған. Оған өңірлерде 15 мыңнан аса жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде мал мен өсімдік шаруашылығы, кооператив құру және азаматтардың жеке кәсібін ашуға арналған бастамалар бар. Ең негізгі иглікті индикатордың бірі – ауылдағы ағайынды барынша жұмыспен қамту. Аймақтардың ұсынған мәліметтеріне сай биыл «Ауыл аманаты» аясында 35 мыңнан аса жұмыс орнын құру көзделген. Ал, Бағдат Тоқтарұлы сияқты аграрлық саланың жілігін шағып, майын ішкен тәжірибелі мамандар жаңадан жұмысқа орналасып жатқан сол жастарға бағыт-бағдар сілтеп, жасбуынның белуін бууға әр кез дайын болса керек. Мүмкіндік бар, тек сол мүмкіндікті мүлт жібермеймін дейтін іске келетін жастар көп болса игі.

Ауыл шаруашылығы – экономиканың негізгі және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларының бірі. Мемлекет жыл сайын Аграрлық –өнеркәсіптік кешенді қолдауға қомақты қаражат бөледі, шаруалар оны субсидиялар, жеңілдетілген несиелер және қолжетімді ауыл шаруашылығы техникасы түрінде алады. Сондай қолдауды қолдана білген бүгінгі кейіпкеріміз жылыжайын суытпай, одан әрі жайқалтып отыр. Эйнштейн айтқан екен: «Қолайлы мүмкіндік қиындықтар мен мәселелердің арасында жасырынып жатады» деп. Қиынның қюын тауып, табыстың тетігін пайдалана білсек игі. Себебі, «Ауыл аманаты» бағдарламасында мүмкіндік бәріне бірдей ашық әрі тең берілген. Оған айқын мысалдың бірін бүгін көрдіңіз....

“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!

Интаграм: https://instagram.com/nartay_aralbayu...
Фейсбук:   / nartai.sarsengaliyev  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке