«Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар әдебиетінің классигі» кітап көрменің тұсаукесері. Топар к.

Описание к видео «Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар әдебиетінің классигі» кітап көрменің тұсаукесері. Топар к.

«Бір ел – бір кітап — 2024» республикалық акциясы бойынша қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаев шығармалары жаппай оқуға ұсынылды.
Сонымен қатар биыл Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілді.
Топар кенті кітапханасы назарларыңызға «Бердібек Соқпақбаев – қазақ балалар әдебиетінің классигі» кітап көрмесінің тұсаукесерін ұсынады. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Қайдасың, Гаухар?» атты кітаптарға шолу жасалды. Соқпақбаевтың көптеген шығармалары жас оқырмандарға арнап жазылған. Адамның әрбір кезеңі оның шынайы қуанышына толы.
Құрметті оқырмандар! Баршаңызды Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға шақырамыз!
#abaycbs
#Бірелбіркітап2024
#Однастранаоднакнига2024

Комментарии

Информация по комментариям в разработке