Құм терапиясы - баланы ашушаңдықтан және агрессиядан айықтырады. Манкография

Описание к видео Құм терапиясы - баланы ашушаңдықтан және агрессиядан айықтырады. Манкография

Құм терапиясы – адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.

Құм терапиясын қолданудағы мақсатым: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру. …

«Құм терапиясы» қағидасы аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы Өмірді көреді. Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенін сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім пішіндерді қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.

Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Құм әр түрлі болады. Жеңіл және құрғақ, ауыр және сулы, ол әр түрге ыңғайланады. Бірақ, бұл құмнан жасалған пішіндерде шашылып, тіл алмай қоюы да мүмкін. Балалар сағат сайын үйлер, пішіндер жасап немесе жай ғана құмның үстімен жүруі де мүмкін. Құммен ойын туралы 1929 жылы Англияның педиатры Маргарет Ловенфельд жазған екен. Арнайы құм салынған ыдыста балалар өздеріне ұнаған пішіндермен суды пайдалана отырып, әр түрлі композициялар жасаған. Балалар өздерінің жасағандарын «менің әлемім» деген екен және Ловенфельд өзінің техникасын «Әлемнің құрылуы» деп атаған екен. Қазіргі заманның құм суретшілері құмнан портрет, пейзаждар, мультфильмдер жасайды. Құммен сурет салу техникасы қазір өте танымал. Құм өнері барлық әлемге кең таралған. Құммен ойын – балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. Құммен ойнау кеңістік әдіс ретінде 1939 жылы ағылшын педиатры Маргарет Ловенфельд сипаттама берген. «Құм терапиясы» концепциясының құрылуымен негізінде юнгиан мектебінің өкілдері айналысты, мысалы швейцар аналитигі Дора Калф.
Құм терапия – балаларға үлкен мүмкіндік. Бала құммен алуан түрлі мүсіндер жасау арқылы өзінің сана-сезімін байытады. Құмдық терапия – ол баланың уайымдау немесе қайғыру сәтін ашып көрсете алады, ол жағдайда балаға көңілін көтеруге жол салады. Бала құммен ойнай отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Сонымен қатар, ойын үстінде өзінің көңіл-күйін көтерумен бірге, өзін-өзі емдей бастайды. Құм ерекше нәрсе. Кейде біздер қолымызды құрғақ құмға салсақ, өзімізді шөлейт аймақта жүргендей сезінуіміз мүмкін. Құмдық терапияда бұрыс немесе дұрыс композиция деген жоқ. Түрлі мүсіндер жасай алады, оны қайтадан бұзып, қайта қалпына келтіруге болады. Бала осы бағыт-бағдармен әрекеттеніп отырып, өзін-өзі сиқыршы тәрізді сезінеді. Бала құммен ойнауда сындырудан, майыстырудан, жаңа мүсіндер құрастырудан қорықпай айналысады. Құмдық терапия – оқуды, білімді талап етпейді. Бұл терапияның маңыздылығын әлем дәлелдеген.

Арбада сурет салу опциялары:
1. Әріптер мен сандарды оқу.
Жармада сіз тек кальяктарды ғана емес, әріптер мен сандарды да көркем түрде көрсете аласыз. Бұл әрекет өте қызықты және ұзақ. Мұны саусақпен жасауға болады, немесе коктейль түтігін немесе сызғышты пайдалануға болады.
2. «Қазына іздеу» және жарма жармасымен сурет салу.
Жарма жармасына түрлі-түсті күрішті тығып қоюға болады, ал балаға түрлі-түсті дәндерді табуға мүмкіндік беріңіз, осы күрішті пайдаланып жармаға өрнек салуға болады. Манкография - бұл қызықты әрекет.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке