Logo video2dn
  • Сохранить видео с ютуба
  • Категории
    • Музыка
    • Кино и Анимация
    • Автомобили
    • Животные
    • Спорт
    • Путешествия
    • Игры
    • Люди и Блоги
    • Юмор
    • Развлечения
    • Новости и Политика
    • Howto и Стиль
    • Diy своими руками
    • Образование
    • Наука и Технологии
    • Некоммерческие Организации
  • О сайте

Скачать или смотреть Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні аталып өтті

  • QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
  • 2025-10-03
  • 118
Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні аталып өтті
  • ok logo

Скачать Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні аталып өтті бесплатно в качестве 4к (2к / 1080p)

У нас вы можете скачать бесплатно Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні аталып өтті или посмотреть видео с ютуба в максимальном доступном качестве.

Для скачивания выберите вариант из формы ниже:

  • Информация по загрузке:

Cкачать музыку Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні аталып өтті бесплатно в формате MP3:

Если иконки загрузки не отобразились, ПОЖАЛУЙСТА, НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если у вас возникли трудности с загрузкой, пожалуйста, свяжитесь с нами по контактам, указанным в нижней части страницы.
Спасибо за использование сервиса video2dn.com

Описание к видео Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні аталып өтті

#qyzylordatv
Мемлекет басшысы «2025 жылды – Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Осыған сәйкес, биылғы жылдан бастап қазан айының екінші жұлдызы ресми түрде техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні болып бекітілді. Атаулы датаға орай «Orda» жоғары колледжінде салтанатты іс-шара өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру – колледж студенттеріне еңбек нарығындағы жаңа талаптарды білуге, экономиканың нақты салаларындағы мансаптық перспективаларды бағалауға, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Мәселен, өңірдегі колледждерді бітірген түлектердің 90 пайызға жуығы диплом алған бойда жұмысқа орналасады. Бұл көрсеткіш жұмысшы мамандықта оқып жатқан студенттердің жұмыссыз қалмайтынын аңғартады.

БЕКЖАН ЕСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ //Біздің өңірімізде 28 колледжде 97 мамандық, 158 біліктілік бойынша 20 мың 587 студент білім алып жатыр. Оның ішінде 19 колледжде 49 біліктілік бойынша 4900 студент білім алып жатыр. Енді мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 9 сыныпты бітіруші жастардың тегін кәсіптік білім алуына деген үлкен мүмкіндік жасалып отыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы 700 орынға артып отыр. Биылғы жұмысшы мамандықтар жылында біздің кәсіптік білім беру саласының алдына қойған ең негізгі масқаттарының бірі – жұмысшы және орта буынмен қамтамасыз ету.//

Қазіргі таңда өңірдегі 28 колледжде 97 мамандық және 158 біліктілік бойынша 20 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Алдағы уақытта барлық білім ошақтарында студенттерді дуальды оқыту жүйесімен қамту көзделіп отыр. Бұл бастама техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бірыңғай миссиясын қалыптастырып, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру болып табылады.

Төл мереке қарсаңында кәсіптік білім беру саласының ардагерлері мен қызметкерлер, сондай-ақ, өңірлік бас сарапшылар, өндірістік оқыту шеберлері, техникалық қызметкерлер облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен және облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

МАРАТ ТОБАШОВ – БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ // Елдің экономикасына бірден бір септігін тигізетін осы техникалық және кәсіптік білім беру саласы болып табылады. Осы ретте жастарымыз өздерінің алған білімдеріменен елге қызмет жасайды деген ойдамыз. Төл мереке қарсаңында барлық қызметкерлерді шын жүректен құттықтаймын.//

РЕНАТ СЕРМАХАНОВ - «ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ //Жұмысшы мамандықтар жылы аясында облыстың атынан түрлі жарыстарға шығып жүрміз. Соңғы рет мобильді робототехника бойынша студенттермен бірге Астана қаласында өткен республикалық жарыстарға қатыстық. Осы оқу орнында өзім 10 жылға жуық еңбек етсем, соңғы бес жылда робототехника саласы бойынша жақсы дамып келе жатыр деп айта аламын.//

«Жұмысшы мамандықтары жылы» жастарды оқыту ғана емес, олардың өз кәсібіне деген құрметін арттыруды көздейді. Ал кәсібін жетік меңгерген мамандар келешекте ел экономикасының дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook -   / qyzylordatv  
Instagram -   / qyzylordatv  
Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok -  / qyzylorda_tv  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке

Похожие видео

  • О нас
  • Контакты
  • Отказ от ответственности - Disclaimer
  • Условия использования сайта - TOS
  • Политика конфиденциальности

video2dn Copyright © 2023 - 2025

Контакты для правообладателей [email protected]