Көліктің алдыңға екі терезесіне «тонировка» жасауға рұқсат беріле ме?

Описание к видео Көліктің алдыңға екі терезесіне «тонировка» жасауға рұқсат беріле ме?

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Қазақстанда көлік терезелерін толық қараңғылауды қайтару туралы петиция жарияланды. Бұл бастаманы әзірге екі мыңнан астам адам қолдап дауыс берген. Жүргізушілердің дені дамыған елдерде "тонировкаға" рұқсат берілгенін айтады. 50 мың дауыс жиналса талап орындала ма? Ішкі Істер министрлігінің жауабы қандай? Петиция мерзімі қай уақытқа дейін созылады? Әріптесім Нұрадин Рақай сұрау салып көрді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

Петиция жарияланған бұл сайтта қазір қып-қызыл пікірталас. Науқанды бастаған авторлар көліктің алдыңғы екі қаптал терезесін қараңғылауға рұқсат сұрап қол жинауда. Екі күннің ішінде екі мыңнан астам адам "тонировкаға" рұқсат беруді қолдап дауыс берген. Петиция науқаны қараша айына дейін жалғасады. Алайда көлігінің төрт терезесін тұмшалаған көліктердің қазірдің өзінде көп екені жасырын емес.
БЕКСҰЛТАН ТӨЛЕНОВ, полиция қызметкері:
– Бізге ескертулер түседі. Яғни мұндай көліктер жиі-жиі кездесіп тұрады. Шешіп тастаймыз. Әкімшілік хаттамалары жазылады. Бірақ бұл кісілер екі-үш күннен кейін қайтадан жабыстырып алады.
Жол полициясының айтқан сөзінің жаны бар. Бір ғана Жамбыл облысында 4 айда 267 тұмшаланған көлік тіркелген. Соның 46-сы қайта пленка жабыстырып көзге түскен. Айыппұл көлемі 50 млн теңгені құраған. Бірақ бұл да қолданыстағы ережені бұзбауға сеп болмай тұр. Сондықтан заңдастырып, ақысына тонировка жасауға рұқсат етсе дейді көлік жүргізушілерінің көбі. Бұл ретте көрші елдердің тәжірибесіне сүйенсе деп отыр.
АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
– Кеден одағының техникалық регламенті Еуразиялық экономикалық одақ туралы халықаралық шарттар туралы міндеттемелер туралы әзірленген. Ол ҚР 2014 жылы 14 қазанда 240-шы заңмен рацификацияланған. Осыған байланысты петицияның ҚР әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің шартына сәйкес келмеуіне байланысты біз өз тарапымыздан өтінішті қабылдамау үшін уәкілетті орган болып табылатын Ақпарат мәдениет министрлігіне хат жолдадық.
Осылайша петицияға қажет 50 мың қол жиналса да заңға еш өзгеріс енбеуі мүмкін. Елдің даусы еленбеуіне Кедендік одақтық техникалық регламенті мұрша бермейтін сыңайлы.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке