ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІ: Абылай хан резиденциясы

Описание к видео ҚАЗАҚСТАН МУЗЕЙЛЕРІ: Абылай хан резиденциясы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені «Қазақстан музейлері» жобасы аясында Сіздердің назарларыңызға Петропавл қаласында орналасқан Абылай хан резиденциясы жайлы шағын бейнефильмді ұсынады.

Бұл бейнефильмді түсіру жұмыстары "Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Ұзақтығы: 24:54 мин.
Тілі: қазақша

Абылай хан резиденциясы - Петропавл қаласында орналасқан қазақтың атақты ханы Абылайдың мұражайлық кешені. Абылай (Әбілмансұр) Қазақ ордасының ханы – қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері. Абылай ханның арғы ата тегі Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның ұрпағы, әйгілі Қазақ ордасының негізін қалаушы Әз Жәнібектен шыққан.
Абылай хан ақылды саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы болды. 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір хандықтың астына бірігіп Абылайды Қазақ хандығының ханы етіп көтерді. «Абылай хан резиденциясы» мұражайлық кешені Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың қатысуымен 2008 жылы 21 тамызда ашылған.
Бұл ғимарат экспозиция орналасқанға дейін «Ақ үй», «Абылай ханның үйі», «Әскери лазарет» деп те аталған екен. 1917 жылға дейін Абылай хан резиденциясының қабырғасында әскери лазарет жайғасып, кейін, КСРО кезінде, бұл жерде казарма орналасқан.
«Абылайдың ақ үйі» қазақ халқының ұлттық тарихи ескерткіші. Ғимараттың құрылысы Абылай хан өмірінің деректерімен және мұрасымен тікелей байланысты. Қазақстанның солтүстік аймағын отарлау басталған кезде Есіл өзені жағасында орналасқан Қызылжар қыратында 1752 ж. әулие Пётр бекінісінің құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде елдердің арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың орнығуына әсерін тигізді. Осыған байланысты казактардың дала тұрғындарына тиісіп, қазақтардан мал тартып әкетуі және жер учаскелерін басып алуы тәрізді мәселелерді талқылау үшін ханның арнайы ордасы қасында осындай құрылыс салу қажеттігі туындады. Мұрағаттық материалдардың мәліметтері бойынша, «Оның, Абылайдың, өтініші бойынша Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында әулие Пётрдің бекінісі жанынан оның келіп тұруы үшін 1765 ж. ағаш үй салынды» (Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты, 158-қор, 1-тізбе, 295-іс 33-б.). Арада көп уақыт өткеннен кейін оған көп уақыт жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмегендіктен үй айтарлықтай зиян шекті. Тек Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұровтың бастамасымен және ҚР Президентінің қолдауымен 2005-2008 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 1829 жылы салынған 1982 жылы 26 қаңтардағы № 38 ҚазКСР Министрлігі Кеңесінің Қаулысымен мемлекеттік сақтауға алынған республикалық маңызы бар тарих ескерткіш - «Абылай хан үйіне» қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Экспозицияның негізі – XVIII ғасырдағы Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері - Абылай ханның өмірі мен атқарған қызметіне негізделген. Ғимараттың жалпы аумағы мен құрылымы - 1288,5 м².
Жердің жалпы аумағы - 1,58 га енеді.
Ақ үйдің алдында қоладан құйылған Абылай ханның ат үстіндегі ескерткіші бар. Авторы мүсінші Қазыбек Сатыбалдин.
Кешен құрамына Абылай ханның үйі, Абылай ханның кеңсесі, келушілерге арналған үй және монша кіреді.
Ғимараттың өзі қазіргі күні екі қабаттан және 4 залдан тұрады. Бірінші қабатында кешеннің әкімшілігі, екінші қабатында тарихи залдар орналасқан. Тарихи залдың біріншісі Абылайдың балалық шағынан хан тағына отырғанға дейінгі өмірін қамтиды. Яғни, 1710-1771 жж. Екіншісі хандық құрған жылдарына арналған. Бұл 1771-1781 жылдар арасы. Үшінші залы Тақ залы, төртіншісі Абылай тарихына арналған диаремалар, коллаждар, картиналар, кітаптарға арналған залы. Осылардың ішінде келгендерге әсер беріп, көз тартарлығы ғимараттың әуелде ағаштан жасағанын еске алатын Абылайдың тынығу бөлмесі. Бөлмеде бірнеше жәдігерлер қойылған. Ыдыс-аяқ, үстел, жез құман, көрпе-жастық, түкті-түксіз тоқыма кілемдер, киім-кешек, сандықтар қойылып, үйдің ішкі көрінісі бейнелеген.
ХVІІІ ғасырдан бері сақталып қалған адалбақан ағаштан, ілгешектері күмістен жасалған. Көне заттардың бірі кебеже ерекше көз тартады. Бірде-бір шегенің көмегінсіз ағаштан жасалып, сырты сүйекпен мәнерлеп жасалғаны таң қалыс тудырады. Екі жағы көтеріңкі керует төсекте жатқан батырлардың қан айналымын реттеу үшін пайдаланылған екен. Керует шымылдықпен көмкеріліп, жанына Араб Әмірлігінен әкелінген майшам тәрізді шамдалдар қойылған. Бөлмедегі көз тартар этнографиялық жәдігерлер Тақ залында өз жалғасын табады...

#Qazaqstan_muzeileri #AlFarabiUniversity #TRCKazNU

Комментарии

Информация по комментариям в разработке