«Ағай бізді құшақтайды». Оқушы қыздарға қол жүгіртетін ұстазға қатысты тексеріс басталды

Описание к видео «Ағай бізді құшақтайды». Оқушы қыздарға қол жүгіртетін ұстазға қатысты тексеріс басталды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Түркістан облысы Қарасу ауылының ұстаздары мен оқушылары мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімінің үстінен шағым түсірді. Бұрын сотты болған педагог жоғары сыныпта оқитын қыздарға қол жүгіртіп, ұлдарға жұдырық жұмсайды дейді ата-аналар. Әріптестерін де былапыт сөзбен сыбап алатын мұғалім күні кеше ғана жылы орнынан босатылған директордың күйеуі екен. Толығырақ мән-жайды өңірдегі әріптесім Мақсат Жақсыбайұлы біліп қайтты.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

ЖӘБІРЛЕНГЕН ОҚУШЫ:
– Алтай ағай бізге физкультура өткенде бізге домогательство істейді бізге. Обнимает, тиіседі аяқтарымыздан, бәрін сипалап тұрады бізді. Біз ата-анаға айтуға қорқамыз. Құшақтайды. Именно 9-10 класс қыздарына тиіседі. Тұрып ап ұстап, менің алдыма кел дейді. Кейбірін бұрышқа тығып қояды. Солармен сөйлесіп тұрады.
Мұғалімінің мұндай әрекетін жуырда ғана естіген оқушының анасы қызын бірден басқа мектепке ауыстырыпты. Полицияға да арыз жазған келіншек жағдайды бұлай қалдырмаймын деп отыр.
ШАХИСТА ЖАЛМҰРЗАЕВА, жәбірленген оқушының анасы:
– Енді арызданамын. Одан алдын білген жоқ едім мен. Білсем давно арызданып шығатын едім. Қудалататын едім.
Қыздарға қол жүгіртеді деген мұғалім ұлдарға да жұдырық жұмсайды дейді ата-аналар. Былтыр кеуде тұсынан соққы алған 9-сынып оқушысы медициналық көмекке жүгінген көрінеді. Оны айғақтайтын анықтама қолда бар екен. Бірақ аталған оқиға жылы жабылды дейді үлкендер. Бұрын сотты болған мұғалімнің үстінен түскен шағымдар аз емес екенін әріптестері де растайды.
МАРЖАН БЕРДІМҰРАТОВА, М.Сапарбаев атындағы жалпы орта мектебі директорының орынбасары:
– Қазірдің өзінде 3 жыл 6 ай соттылығы бар. Сондықтан қаншалықты бұл кісінің жұмыс істеуге болатын, болмайтынын құзырлы органдар шешетін шығар. Өйткені сот солай шығарып берген екен.
Ұжымның берекесін алған мұғалім мамыр айының басында орнынан босатылған директордың күйеуі дейді педагогтар. Осыны пайдаланған ол мектептің мәселесіне түбегейлі кірісіп, өзге мұғалімдерді сағатынан айырамын деп қорқытуға көшті дейді ұжымдағылар.
ҰЛЫҚБЕК ГҮЛБАЕВ, М.Сапарбаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі:
– Айқайлап, боқтап, қоқан-лоққы көрсетіп неғылды. Неге сен шағымданасың деп, бас салып боқтап сол жерде мектептің алдында болды.
Басы дауға қалған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ақысыз еңбек демалысына шығып кеткен екен. Телефон арқылы жауап берген ол барлығын жоққа шығарды. Бірақ сұқбат беруден бас тартты. Мұғалімнің бұрын істі болғанынан хабардар құзырлылар ол жасаған қылмыс балаларға қатысты болмағандықтан, жұмыс істеу мәселесін жұмыс беруші шешеді дейді. Ал оқушыны ұру дерегі қазір зерделеніп жатқанын алға тарты.
ДӘУЛЕТ ТІЛЕМІСОВ, Сайрам ауданының прокуроры:
– Мұғалімнің оқушыға қол көтерді деген дерек пайда болды. Ол дерек 2023 жылдың 10-шы апрелінде болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚК 140 бап 2-бөлігімен.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке