«Црвена Звезда» қарсылас емес ! QJ League жұлдыздары Сербиялықтарды 2:0 есебімен жеңді.

Описание к видео «Црвена Звезда» қарсылас емес ! QJ League жұлдыздары Сербиялықтарды 2:0 есебімен жеңді.

20 шілде күні QJ лиганың жұлдыздарынан құралған құрамасы жолдастық кездесуде сербиялық «Црвена Звезда» академиясының футболшыларын жеңіп, жанкүйерлерін қуантты. Бұндай матч ойыншылар үшін, сонымен қатар екі командадан да болашақ футбол жұлдыздарын шығаруға мүмкіндік береді.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ QJ League командасының шабуылшылары белсенді ойнап, бірнеше қауіпті шабуылдар жасады. Алайда жанкүйерлер голдарды ойынның соңына қарай ғана көре алды. Матчтың соңғы минуттарында QJ League командасы қатарынан екі гол салып 2:0 есебімен басым түсті.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке